Аймақтар • 11 Ақпан, 2021

Шымкент: Арнайы бөлім бос жұмыс орындарына талдау жасайды

275 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласында «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының ІІІ бағыты шеңберінде «Жұмыс берушілерді қолдау бөлімі» осы жылдың қаңтар айынан бері өз жұмысын бастаған.

Шымкент: Арнайы бөлім бос жұмыс орындарына талдау жасайды

Қалалық жұмыспен қамту орталығы ішінен ашылған арнайы бөлім қаладағы мемлекеттік және жекеменшік мекемелердің сұранысы бойынша қажетті жұмыс күштерін ұйымдастырады.

Бұл жерде жұмыс берушілердің сұранысын (өтінім) қабылдап, орталыққа бекітуге жолданады. Сұраныстар бекітілгеннен кейін қаладағы 4 ауданның жұмыспен қамту бөлімдері арқылы орталықтандырылған базаға енгізіледі.

Қазіргі таңда аталған бөлім қаладағы 800-ге жуық жұмыс берушінің өтінімін қабылдап, олар бойынша тиісті жұмыс жүргізіп отыр.

Сонымен қатар, «Enbek.kz» электронды порталындағы бос жұмыс орындарына талдау жүргізіп, жұмыс берушілердің ұсынысы туралы мәліметтерді енгізілуін қадағалайды. Мемлекеттік мекемелердегі бос жұмыс орындар жөнінде ақпарат жинақталып, жұмыс берушілер тарапынан порталға орналастырылуына бақылау жүргізеді.