Биылғы ақпанның басында Сириядан тағы да төрт ер адам, бір әйел және екі жетім бала елге жеткізілді. Ұлттық заңнамаға және халықаралық міндеттемелерге сәйкес, террористік іс-әрекетке қатысқан адамдар қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Жетім балалар жақын туыстарының қамқорлығына беріледі және мемлекет тарапынан оларға барлық қажетті көмек көрсетіледі. Әйелдер мен балалар оңалту және қайта әлеуметтендіру бағдарламаларымен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі хабарлады.

Рухани сәйкестік дағдарысы
Еліміз 2019 жылдың қаңтар айынан бастап «Жусан» операциясы аясында Сирия мен Ирак аумағындағы азаматтарымызды қайтара бастады. Барған жерлерінде террорлық топпен бірге ұрыс қимылдарына қатысып, елге оралған олар «террорлық топқа және шетелдегі қарулы қақтығысқа қатысты», «терроризмді насихаттады және қаржыландырды» деген айыппен заң алдында жауапқа тартылып, бүгінде жазаларын өтеп жатыр. Ал соғысқа қатыспаған, бірақ күйеуінің соңынан балаларын ертіп шекара асқан бейбақ әйелдердің әлеуметтегі өз орындарын қайта табуы қай тұрғыдан да көп еңбекті қажет етеді. Мемлекеттің адасқан, жаза басқан азаматтарынан бас тартпай, әкенің балаға жасайтын қамқорлығын көрсетуі, сол жолда үкіметтік емес ұйымдарды тарту арқылы сан қырлы жұмыс атқаруы бүгінгі әңгіменің өзегі болмақ.
Еуразия ұлттық университетінің оқытушысы, профессор Юлия Шаповал – Сириядан оралған әйелдер мен балаларға қатысты мәселелерді зерттеумен шұғылданып жүрген маман. Елге алып келген соң Ақтаудағы арнайы бейімдеу орталығына орналастырылған әйелдерге және олардың балаларына көп уақытын арнаған ғалымды әңгімеге тарттық. Оның айтуынша, бізбен көршілес Орталық Азиядағы мемлекеттерден Сирияға барған әйелдерге қарағанда, қазақстандықтардың жоғары және арнайы білімдері бар екен.
Әлеуметтік аз қорғалған топтан шыққандар деп те тұжыра алмайсың. Сондықтан бұл қадамға баруға тұлғаның өзінің ішкі әлеміндегі адасуы, сәйкестік таба алмай дағдарысқа ұшырауы себеп. Олардың біраз бөлігі 25 жастан асқанда кетіп, 35-ке таяп елге оралды. Күйеулеріне еріп барып, балаларымен үйде отырған олар соғыста ері қаза болғанда, одан ДАИШ жеңілген тұста аш-жалаңаш, оқ пен оттың астында өмір сүрген. Көпшілігі екінші, үшінші рет күйеуге шыққан. Өйткені әйел адам күйеуге тимесе, сауаптан қағылады деген сенімді санада қатты ұялатқан.
Мәселен, психолог ғалым Эрик Эдиксон адамның өз өмірінде 8 түрлі дағдарысқа ұшырайтынын, ал соның 5-еуі жас кезінде болатынын дәлелдеген. Өзін өзі іздеген, ішкі әлемінде туындаған рухани тұрғыдағы сауалдарға жауап таппай дағдарған жастар өзге әсердің соңында кетіп қалғанын байқамай қалған.
«Сосын біздің қоғамның бір жетіспей жатқан тұсы адамдардың діни сенімге байланысты қажеттіліктерін орындаудағы олқылығы дер едім. Бұл жерде міндетті түрде Нұр-Мүбәракта немесе өзге де діни ЖОО-да оқу емес, адамдардың діни тұрғыда туындаған қарапайым сауалдарына жауап таппауы белгілі бір рөл ойнайтыны анық. Кейбір әйелдер мешітке барғанымен онда қажетті жылылық пен көңілдің бөлінбеуін, керісінше жамағат болып жиналатын ортадан сол мешіттерден таппағанын жолықтырып, еліккендерін айтқан. Адамның өзін өзі іздеуі тұсында, дағдарысқа ұшыраған кездерінде дұрыс жауап табуының маңыздылығына мән берген жөн», дейді маман.
«Емдеудің» бірыңғай тәсілі жоқ
«Ақниет» ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығы» қоғамдық қоры – уланған рухани жан дүниені тазартып, азаматтың қалыпты тіршілікке келуіне еңбектеніп жүрген орталық. 2014 жылы құрылғаннан бері мақсатты түрде осымен айналысатын ақниеттіктерге Сириядан әкелінген жастармен жұмыс істеу бұйырыпты. «Ақниет» басшысы Әлім Шауметовтің бұл орайда айтары мол.
«Жаңа ғасырмен қоғам өміріне енген кеселдің бірі – терроризм мен діни экстремизм. Діннің дұрыстығы мен тазалығын сылтау еткен түрлі ағымдардың заңсыз үгіт-насихатының залалынан жайнамазға жаңа ғана маңдай тигізген жастар ақ пен қараны ажыратуға шамасы келмей, өзге ағымның жетегінде кетіп жатты. Өзге дінге еліктегендер – діннің негіздерімен таныс емес немесе өте үстірт білімі бар адамдар. Ал дін мәселесі – қылдан да нәзік, алмас қылыштан да өткір, аңдап баспасаң тіліп түсетін шетін мәселе. Оның үстіне өзге ағымның сөзіне құлдай ұрып, шүбәсіз сенген азаматтардың жас арасында шек болмауы шынымен де ұлтқа, елге төнген үлкен қауіп еді. Қазақстан Үкіметі шекара асып кеткен азаматтарды елге әкелу үшін өзге мемлекеттермен біріге отырып, әскери операциялар жүргізді. Нәтижесінде, шетте жүріп босқындаған азаматтарды елге әкеліп, қоғамнан алыстап кеткен саяси және діни көзқарасы бөлек жандар мен отбасы, балаларын қоғамға қайта оралту үшін түрлі жұмыстар жүргізіп жатырмыз», дейді Әлім Фазылжанұлы.
Оның айтуынша, адасқан адамдарды ортаға оралтуды тек теологиялық тұрғыда қарастыру жеткіліксіз. Радикализмнен зардап шеккен әрбір адамның мінез-құлқы мен эмоционалды жағдайы әртүрлі келеді. Сондықтан бұл іске психологтер мен теолог мамандардың тізе қосуы ғана оң нәтиже береді.
Желінің әлеуетін игілікке пайдалансақ
Барлық қоғам мүшесі сияқты Сирияға барғандар да – әлеуметтік желінің қолданушысы. Мамандар оларды білімсіз дей алмайтынын, «Жусан» операциясы бойынша оралған отандастарымызбен жұмыс істеу барысында жерлестеріміздің ішінде білімді журналист, мықты бизнесмен, білікті дәрігерлердің де барына куә болғанын алға тартты. Осындай мықты азаматтарымыз балаларын, етжақын, туыс-туған, дос-жарандарын үгіттеп, артынан ертіп отырған.
Жастар көбіне діни білімдегі кем түсіп жатқан жақтарын әлеуметтік желілердің көмегімен толтыруға тырысады. Экстремистік сайттар мен бейнероликтердің бұғатталуына, шектеулеріне қарамастан, интернетте халықаралық террористік ұйымдар мен орталықтар өз жағына тарту үшін мақсатты түрде дайындаған, әлі де дайындайтын материалдар жеткілікті. Шындығында әлеуметтік желілердің қуаты орасан, тек оны пайдалы арнаға бұрып, жеткіншектер мен жастарды өздері оқитын желілер арқылы жан-жақтылыққа тәрбиелей алуымыз ауадай қажет. Бұл ретте мемлекеттік мүдде жатқандықтан, қаражат бөліну де соған сәйкес болса екен. Хакім Абай да, асқан дана Әл-Фараби бабамыз да біліммен қатар тәрбиенің бірге өрілуіне мән береді. Тәрбиесіз, адамгершілікке негізделмеген білімнің пайдасынан зияны мол. Сондықтан біздің қоғам үшін басты алаңдайтын дүние жан-жақты бірдей дамыған тұлғаны даярлау ісі болуға тиіс. Ал адасушы болса, дер кезінде нақты көз ашатын көмек көрсету керек. Бір ғана жол – мамандардың көмегіне жүгіну. Әрине бірді-екілі ұйымның шамасы әлеуметтік желінің күш-қуатындай бола алмайды. Мәселені кешенді түрде қарастырған жөн.
Сириядан қайтқан әйелдер мен балалардың көрмегені жоқ. Әкесі өліп, артынан анасы оққа ұшқанын көрген қыздың жасы небәрі 9 жаста болған. Мұнан асқан қасірет болар ма?! Қаршадайынан өмірінің соңына дейін көз алдында болар мұндай қасіретті көріністен қалай құтыларсың? Әрине мұндай балалармен жұмыс істеу, оларды қалыпты өмірге қайтару үлкен еңбекті қажет ететіні анық.
«Бала қолына қару емес, қарындаш алып, гүлдің суретін салған кезде ішкі дүниесі өзгеріп келе жатқанын түсінеміз. Бірақ бұл үшін көп уақыт керек», дейді «Право» қоғамдық қорының жетекшісі Ольга Рыль.
Ал Әлім Фазылжанұлы: «Балалар Сириядан қайтқанда тек соғыс жайлы ғана білді. Оларды бұл тығырықтан алып шығу мақсатында арнайы қуыршақ театрларын шақырып, ертегілер желісін көрсеткенімізде, балалар түгілі ата-аналардың жүзінен қуаныш көрдік. Көпке дейін қаратүнектен шыға алмай, өткен күндерін қорқынышпен еске алатын олар бір-бірлерімен тіпті ашылып сөйлеспейтін тұйық болып қалған. «Ол жаққа өзімнің туған бауырымды жетелеп алып барып, жерлеуге де шамам келмей, айдалада қалдырып кеттім-ау» деп зар жылаған немесе «Мына баланың әкесі сол жақта өлді, ал мына сәбидің әкесі кім екенін де білмеймін», деп күңіренген ананы не деп жұбатарымызды білмеген сәттеріміз болды. Қанша дегенмен баланың аты – бала, өз қатарымен жүгіріп ойнап, мектепке баруы, ортаға бейімделуі ересектерге қарағанда әлдеқайда жеңіл жүреді. Дегенмен, көзге шұқымай ғана назарда ұстап, бағыт-бағдарын аңдап отырған жөн. Ал үлкен адамдар санасының улануы мен жүрекке түскен жараларының орны кейін де білінбеуіне әлдеқайда көп күш жұмсайсың», дейді.
Иә, адамның жан дүниесінің қалтарысы өте мол. Теологтермен әңгіме барысында «бұрынғыдан бас тарттым» деп айтқанының өзін қаншалықты рас екенін жан дүниеге үңілуші психолог түрлі тесттер арқылы анықтай алады. Сол үшін әрбір зардап шегушіге оның сенімі мен дүниетанымының ерекшеліктеріне байланысты жеке психологиялық тәсілдемелер таңдалады. Психологтер өздері радикалдармен сөйлесуден басқа, теологтердің жұмысының нәтижелерін мұқият зерттейді. Осы реттен психологтер мен теологтердің бірлескен жұмысында қолдану үшін психологиялық түзету бойынша арнайы әдістемелік құрал жасалған.
Ортаға оралудың жолдары көп
Үкіметтің қолдауымен Сириядан оралғандар қалыпты өмірге оралып жатыр. Араларында қарулы қақтығыстарға қатысып, террорлық әркеттер жасағандар жазасын өтеп жатқанымен, көпшілік әйелдер мен балалардың барлығы бейімделудің сатыларынан өтіп, әлеуметтік ортадан орындарын табуда. Жоғары білімдері болғанымен ұзақ жыл мамандықтарынан қол үзуіне байланысты қайтадан білімін жетілдіріп, ұқсас мамандықтарды игеріп, тіпті жаңадан қысқа мерзімді курстардан өтіп, сұлулық мектептерінің сабақтарын алып, шеберлік кәсіптерін игеріп, тігінші, кадр мамандары, дизайнер, көлік жүргізуші және басқа да көптеген кәсіпті ұршықша үйірген қыз-келіншектер білек сыбана еңбекке кіріскен.
«Қарағандыда сондай бірнеше келіншек бірлесіп шағын нан өндірісін қолға алып, істерін дөңгелетіп отыр. Олардың әрбір жетістігі – біз үшін үлкен қуаныш. Нұр-Сұлтан мен Алматыда такси жүргізіп, әкесіз қалған отбасын асырап жүрген келіншектер бар. Қап-қара киінбей, ашық түсті елмен бірдей ұзын көйлектерін кию, қоғамның толыққанды мүшесі екенін сезіну әйелдерге күш береді. Адасса да өз балаларымыз, өз азаматтарымыз, ал әр азамат үшін ел болып күресудің сауабы мол», дейді Ольга Рыль.
Талғат Сырбаз еркін күрестен Азия чемпионы атанды
Күрес • Кеше
ҰҚШҰ-ның бірлескен оқу-жаттығулары жөнінде келіссөздер жасалды
Қазақстан • Кеше
Екі күнде 15 жасөспірімнің түн кезіп жүргені анықталды
Аймақтар • Кеше
Ақмола облысында бас санитарлық дәрігер жаңа қаулы қабылдады
Аймақтар • Кеше
Оқиға • Кеше
Петропавлда тілсіз жау дер кезінде құрықталды
Аймақтар • Кеше
Қостанайда құрастырылатын автокөліктерге сұраныс артып келеді
Аймақтар • Кеше
Жамбыл облысында прокуратура қызметкері парамен ұсталды
Аймақтар • Кеше
Жер комиссиясының төртінші отырысы қорытындыланды
Қазақстан • Кеше
Болашақта есепші мамандығы болмайды – Еңбек министрлігі
Қазақстан • Кеше
А.Цой БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік кеңесінің отырысына қатысты
Қазақстан • Кеше
Әлем • Кеше
Алматыда бір тәулікте ауруханаларға 416 адам қабылданды
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Оралда партия филиалының есеп беру конференциясы өтеді
Аймақтар • Кеше
Бүгін еркін күрестен Азия чемпионаты басталады
Күрес • Кеше
Елімізде өткен тәулікте 2892 адам коронавирустан жазылды
Коронавирус • Кеше
Бір тәулікте 2822 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Кеше
Петропавлда мейрамхана өртеніп, адамдар эвакуацияланды
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
Азия чемпионаты: Әйелдер күресінен өткен жарыстың екінші күнінің нәтижесі
Спорт • 16 Сәуір, 2021
Қарағанды облысының аумағында әскери ұшақ құлады
Оқиға • 16 Сәуір, 2021
Алматыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссияның отырысы өтті
ANTIKOR • 16 Сәуір, 2021
Салымшылардың есепшотына 73 миллиард теңге қайтарылды
Экономика • 16 Сәуір, 2021
Тобыл қаласында облыстық «Жас тұлпар» оқушылар айтысы өтті
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
Шу ауданында голландиялық картоп өсіріледі
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
Жазғы сауықтыру лагерьлеріндегі гигиеналық талаптар
Қазақстан • 16 Сәуір, 2021
Азия чемпионаты: Бүгін аруларымыз үш жүлде алды
Спорт • 16 Сәуір, 2021
Түркістан облысында 22 мыңнан аса оқушы тест тапсырады
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
«Шахтер» командасына жаңа бас бапкер келді
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
Асқар Мамин Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі жобалық офис отырысын өткізді
Үкімет • 16 Сәуір, 2021
Театрда «Мауглидің» тұсаукесері өтті
Өнер • 16 Сәуір, 2021
Маңғыстау облысында «Қалқан-2021» оқу-жаттығуы аяқталды
Қазақстан • 16 Сәуір, 2021
Кісі қолынан қайтыс болған Аяжан Еділованың мәйіті жер қойнына тапсырылды
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
Елордалық оқушы «EGMO-2021» олимпиадасында екінші орын алды
Білім • 16 Сәуір, 2021
Шығыс Қазақстан облысында бірнеше ауданды су басу қаупі бар
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
Теміржол индустриясының әлемдік көшбасшысы Қазақстанмен ынтымақтастыққа ниетті
Қазақстан • 16 Сәуір, 2021
Пәтер ішін заңсыз жоспарлау неге апарады
Қоғам • 16 Сәуір, 2021
Азия чемпионаты: Төрт аруымыз жарысты жалғастыруда
Спорт • 16 Сәуір, 2021
Ақтау-Жетібай тас жолында жүк көлік өртеніп кетті
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
Павлодарда 16-шы қабаттан секірмек болған ер адам өлім аузынан қалды
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
Елордада газдандыру жұмыстары қалай жүріп жатыр?
Елорда • 16 Сәуір, 2021
Алматы облысының орман алқабындағы өрт әлі толық сөндірілген жоқ
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
Нұр-Сұлтан стационарларында 4,5 мыңға жуық науқас емделіп жатыр
Коронавирус • 16 Сәуір, 2021
Екібастұзда көлік жүргізуші үй ауласында жасөспірімді қағып кетті
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
Браконьерлік фактілер бойынша 20 қылмыстық іс қозғалды
Экология • 16 Сәуір, 2021
Шымкенттің бас дәрігері ауруханадағы жантүршігерлік жағдай туралы айтты
Оқиға • 16 Сәуір, 2021
Astana IT university: Білім сапасынан цифрлы трансформацияға
Білім • 16 Сәуір, 2021
Түркістан саммитінде мақұлданған бастамалар Ыстанбұлда рәсімделетін болады
Қазақстан • 16 Сәуір, 2021
Шахрат Нұрышев: Ел азаматтары Түркі ұйымдарын абыроймен басқарып келеді
Қазақстан • 16 Сәуір, 2021
Екі килограмм есірткі тәркіленді
Оқиға • 16 Сәуір, 2021
Ғасырлық тарихы бар ежелгі қала жаңа келбетке ие болды – Ақтоты Райымқұлова
Руханият • 16 Сәуір, 2021
Әділет қызметкері әріптесіне жұдырық жұмсаған
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
Түркі интеграциясы жаңа деңгейге көтерілді – Шахрат Нұрышев
Руханият • 16 Сәуір, 2021
«Түркістан декларациясы» Қазақстанның Түркі әлеміндегі орнын бекіте түседі – Дархан Қыдырәлі
Қазақстан • 16 Сәуір, 2021
Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің бас күмбезі қалай жаңартылды?
Қоғам • 16 Сәуір, 2021
Шахрат Нұрышев: Елбасы Түркі әлемінің болашағына сенім білдірді
Қазақстан • 16 Сәуір, 2021
Елімізде гемофилиямен ауыратын науқастардың саны артып барады
Медицина • 16 Сәуір, 2021
21 хан, 8 сұлтан.Түркістанға тағы кімдер жерленген
Қоғам • 16 Сәуір, 2021
Тарихи нысандарды қалпына келтіруде әуесқой көзқарасқа жол берілмейді – министр
Қоғам • 16 Сәуір, 2021
«Халифа Алтай» мешітінде вакцина егу пункті жұмысын бастады
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
Ұқсас жаңалықтар