Әлем • 12 Ақпан, 2021

Карачиде бір террорист құрықталып, тағы бесеуі ұсталды

409 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Пәкістандық антитеррорлық ұйым бір террористті өлтіріп, тағы бесеуін елдің оңтүстігіндегі Синд провинциясының Карачи портында қолға түсірді, деп хабарлайды Egemen.kz

Карачиде бір террорист құрықталып, тағы бесеуі ұсталды

Карачи терроризмге қарсы полициясының өкілі Омер Шахид Хамид жергілікті БАҚ-қа мәлімдегендей, қауіпсіздік қызметкерлері дүйсенбі күні таңертең Шах-Латиф ауданында арнайы операция жасаған.

Бұл операция барысында террористер құқық қорғау органдарының бронетранспортеріне қол гранатасын лақтырды. Содан кейін содырлар мен тәртіп сақшылары арасында атыс басталып, нәтижесінде, бір террорист оқиға орнында өлтірілген.

Омер Шахидтің хабарлауынша, полиция тұтқындалған террористерден жарылғыш заттарды және миналанған рикшаны тәркіледі. Саперлер дереу оқиға орнына келіп, рикшада орнатылған жарылғыш заттарды залалсыздандырды.

Бүгінде тергеу жұмыстарын жүргізу үшін лаңкестер белгісіз жерге апарылды.

 

Айтолқын МЫРЗАКАРИМ