Оқиға • 12 Ақпан, 2021

Қарағандыда әскери борышын өтеп жүрген сарбаз неден қайтыс болды?

1784 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Түркістаннан Қарағанды өңіріне әскери борышын өтеуге барған 17 жастағы сарбаз қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz

Қарағандыда әскери борышын өтеп жүрген сарбаз неден қайтыс болды?

Рамазан Жақыптың ата-анасы ұлдарының өліміне сене алар емес. Ата-анасының айтуынша, бозбаланың жағдайы екпе салғаннан кейін күрт нашарлап кеткен. Десе де Абай ауданындағы Ұлтық ұланның әскери бөлімі сарбазға ешқандай екпе салдырмағандарын айтады.

«Ол кәдімгі ауылда қара жұмыс істеп, мал қарап жүрген дені сау бала ғой, ешқашанда оның жүрегі ауырған емес. Дені сау бала ғой…», деді марқұмның анасы Алтынай Құлатаева.

Алтынай Құлатаева баласымен 10 күн бұрын сөйлескенін айтады. Ол кезде баласы анасына тамағының екпе салдырғаннан кейін ісіп кеткенін хабардар етеді. Ал екінші ақпанда таңғы сегізде Рамазан әлсіреп тұрғанына шағымданған. Іле-шала бір-екі күн қайта хабарласқан кезде ұлының жағдайы күрт нашарлап, жансақтау бөлімінде жатқызылғанын есітеді.

Алайда юөлімшедегілер жауынгерге ешқандай екпе салмағандырын айтады. Олардың айтуынша,  сарбаз менингиттен қайтыс болған.

«Таңғы сегізде басталды. Оның алдында түнде тұрып жатқаны көрініп тұр, камерамен қарағанда. Таңғы сегізде достары келіп айтты. Рамазанның жағдайы нашарлап жатыр қараңызшы деп. Одан кейін бірден біздің дәрігерлер сол ауруханаға апарды. Сағат 08:50-де ауруханада болды. Сағат 11:00-де қайтты деген хабар келді», деді 6505 әскери бөлімшесі командирдің орынбасары Арман Сейітов.

Қазір 6505 әскери бөлімі карантиндік режімде жұмыс істейді. Марқұммен байланыста болғандар тексеріліп, ғимаратты толығымен залалсыздандырған. Айта кетсек, осыдан екі жыл бұрын дәл осы әскери бөлімде Талғардан келген сарбаз өзіне оқ атып, қайтыс болған еді.