Қазақстан • 12 Ақпан, 2021

Су тарифінің әділ деңгейін қарастыруға өтінім енгізілді

270 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында «Қазсушар» РМК Бас директоры Арман Қасенов кәсіпорынның 2020 жылғы жұмыс қорытындылары мен су саласындағы биылғы жылға арналған жоспарлар жайында баяндады.

Су тарифінің әділ деңгейін қарастыруға өтінім енгізілді

Бұл бағытта өткен жылы маңызды жұмыстар жүргізілді. Атап айтсақ, Мақтаарал ауданындағы төтенше жағдайдың салдары жойылды. 375 шақырым каналдар мен 387 су объектілері жөнделді. 

«Су тапшылығы жағдайында вегетациялық кезеңі өтті. Космомониторинг стандартты тәжірибеге айналып, алаңдардың айырмашылығы анықталды», - деп атап өтті Арман Қасенов.

Сондай-ақ, қайта жаңғырту суару объектілеріне техникалық тексеру жүргізілді.

Бюджеттік бағдарлама аясында бірнеше каналдар жаңартылды. Мәселен,  Ақтөбе облысы бойынша он екі, Павлодар облысы бойынша  бес жоба іске асырылуда.

Мекеме беретін су көлемнің 75 пайызы – ағымды ағатын су көлемін құрайды. 55 мыңнан астам тұтынушыны сумен қамтамасыз ету үшін 5 800 шамасында су нысандарын пайдаланады.

«Осы  жылы су тарифінің әділ деңгейін қарастыруға өтінім енгізілді. Жаңа тариф – мекеме дамуына мүмкіндік береді», - деп атап өтті Қазсушар басшысы.

Сонымен қатар, операциялық қызметті цифрландыруды жүргізілуде. Атап айтқанда: су төлеу қызметін қабылдау онлайн жүйеге аударылмақ,  көліктерге GPS-мониторингі енгізілді, электрондық құжаттама енгізілді, мемлекеттік органдармен интеграция қамтамасыз етілді, су пайдаланушының электрондық жеке кабинетін құру жоспарлануда.

Бүгінгі күні мекеме алдында су тасқыны кезеңіне дайындықты қамтамасыз ету, су есебін автоматтандыру бойынша жобаларды іске асыру, су төлеу қызметін қабылдау толық көлемде онлайн жүйеге аудару сияқты маңызды-міндеттер тұр.

Қазсушар бас директоры ағымдағы жылдың басым міндеттерінің бірі ретінде кәсіпорынды акционерлік қоғамға беруді көздейтін кәсіпорынды трансформациялау жоспарын іске асыруды атады.

«Өзгерістер бюджеттіктен тарифтік қаржыландыруға көшу, инвестициялық тартымдылықты жақсарту, корпоративтік басқаруды жетілдіру және бизнес-процестерді оңтайландыру болып табылады», - деп түйіндеді Арман Қасенов.