21 Сәуір, 2010

АРДАГЕРЛЕР ҮЙЛІ БОЛДЫ

595 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Жақында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Ұлан ауданының оннан астам елді мекендерін аралап, су тасқынының алдын алу жұмыстарымен танысқан кезде Алмасай ауылында тұратын соғыс ардагері Қазтай Мейірбаевқа тұрғын үйдің кілтін табыс етті. Мұның алдында аудан орталығы – Моло­деж­ное кентінде 80 пәтерлік көп қабатты тұрғын үй іске қосылған еді. Өңір басшысы 97 жастағы Ұлы Отан соғысының ардагері Шаймардан Сәбитовпен де кездесіп, оған да  пәтердің кілтін табыс етті. Ғасырға жуық жасаған қария ерекше тебіреніп, ардагерлерге жасап отырған қамқорлығы үшін Елбасына ризашылығын білдірді және  ұзақ ғұмыр тіледі. Оңдасын ЕЛУБАЙ. Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы.