Аймақтар • 13 Ақпан, 2021

Атырауда балабақша отқа оранды

439 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау қаласындағы «Нұрсая» шағын ауданында орналасқан бір қабатты жеке меншік балабақша отқа оранды, деп хабарлайды Egemen.kz

Атырауда балабақша отқа оранды

«Бұл туралы хабар 2 ақпанда сағат 15:46-да түсті. Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар «Зейнеп Амина» балабақшасының 144 шаршы метр төбе жабындысы толық жанғанын анықтады. Балабақшадан  3-5 жаc аралығындағы 13 бала мен 3 тәрбиеші эвакуцияланды. Өртті сөндіруге жеке құрамның 25 қызметкері мен 6 техника жұмылдырылды», деп хабарлады Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Құтқарушылар жалынды сағат 16:15-те оқшаулап, 16:23-те толық сөндірді.