Аймақтар • 13 Ақпан, 2021

Көкшетау өңірінде 630 орындық заманауи аурухана салынады

337 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықпаев халыққа есеп беру кездесуінде 630 орындық заманауи аурухана салынатынын мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz

Көкшетау өңірінде 630 орындық заманауи аурухана салынады

«Қысқа мерзім ішінде 200 орындық жаңа жұқпалы аурулар ауруханасы салынып, жоғары технологиялық медициналық жабдықтармен жарақтандырылды. Бұдан басқа, есептік жылы үш нысанның құрылысы аяқталды. Бұлар Көкшетау қаласындағы онкологиялық емхана, Целиноград ауданының Софиевка және Шортанды ауданының Степное ауылдарындағы дәрігерлік амбулаториялар. 2021 жылы Қосшы ауылында жаңа емхананы іске қосу жоспарланған. Қараөткел ауылында дәрігерлік амбулатория мен Целиноград ауданының Қоянды елді мекенінде алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығының құрылысы аяқталуға жақын. Көкшетау қаласындағы Сарыарқа шағын ауданында 630 орындық заманауи көпбейінді аурухананың құрылысы ауқымды жоба жүзеге асырыла бастады», деп атап өтті аймақ басшысы.

Е.Маржықпаевтың айтуынша, «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы шеңберінде құны 1,5 миллиард теңге сомасына сегіз денсаулық сақтау нысанына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Астрахан, Сандықтау және Егіндікөл аудандық ауруханаларында толық дерлік жаңғыртылды.