Медицина • 13 Ақпан, 2021

Қызылорда облысында жалпы 735 адам вакцина салдырды

138 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысында 1-12 ақпан аралығында 735 адам коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салдырды. Облыста 3697 адам қатерлі індеттің құрығына ілікті. Олардың арасынан 3574-і сырқатынан құлан-таза айықты, деп хабарлайды Egemen.kz

Қызылорда облысында жалпы 735 адам вакцина салдырды

Өткен тәулікте өңірде аталған ауру бойынша 18 науқас тіркелді. Науқастардың 15-і Қызылорда қаласының, қалғаны Қармақшы ауданының тұрғындары.

Аймаққа ақпан айының басында ресейлік «Спутник V» вакцинасының 1000 дозасы жеткізілген. Екпе егу алғашқы кезеңде медицина саласының, оның ішінде қабылдау, жұқпалы аурулар, жансақтау және хирургиялық бөлім қызметкерлеріне жүргізілуде. Ал келесі кезеңде мұғалімдерге және жұқтыру қаупі неғұрлым жоғары жұмыс орындарының қызметкерлеріне салынады.

«Барлығы дәрігерлер бақылауында, денсаулығына шағымы жоқ. Мына әлемді жайлаған індеттің таралу қаупін тек екпе салдыру арқылы ғана төмендете аламыз», дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының мамандары.