Әлем • 14 Ақпан, 2021

Жапониядағы жер сілкінісінен 100-ден аса адам зардап шекті

416 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жапонияда сенбі күні 7,3, магнитудалық жер сілкінісі болып, 103 адам зардап шекті, деп хабарлайды Egemen.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Жапониядағы жер сілкінісінен 100-ден аса адам зардап шекті

Агенттік таратқан ақпарттарға қарағанда, осыған дейін зілзаланың салдарынан 50 адамның зардап шеккені туралы айтылған. Зардап шеккендердің басы бөлігі Мияги, Фукусима префектураларының тұрғындары. Бұл аймақта жерасты дүмпулері басқа өңірлермен салыстырғанда қатты сезілген.

Зардап шеккендердің басым бөлігі жерасты дүмпуі кезінде құлап, жарақат алып, немесе бір жерін ауыртып алғандар.

Айта кетейік, сенбі күні кешкісін Тынық мұхитта, Жапонияның Фукусима префектурасының солтүстік-шығысында қуатты жер сілкінісі болды.

Жапонияның ұлттық метеорология басқармасы алдын жер сілкінісінің 7,1 магнитуда шамасында болатынын ескерткен. Алайда жер сілкінісінің қуаты 7,3-ке дейін барды. Жерасты дүмпуі Жапонияның Фукусима мен Мияги префектураларында және ел астанасының орталығында сезілген. Сонымен қатар жер сілкінісін елдің солтүстігі, солтүстік-шығысы мен Жапонияның орталығындағы 10-нан астам префектура тұрғындары сезген.