Әлем • 14 Ақпан, 2021

ЕАЭО-да «қалпына келтірілген сүт» термині енгізілді

228 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

2021 жылдың 13 ақпанынан бастап Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) «Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенттеріне түзетулер күшіне енеді және «қалпына келтірілген сүт» термині енгізіледі. Өзгерістер құжатта көзделген Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2020 жылғы 10 шілдедегі №62 шешімімен қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz

ЕАЭО-да «қалпына келтірілген сүт» термині енгізілді

Аталған құжатқа қайта өңделген сүтке қойылатын талаптар енгізілді, ол өнімнің сыртындағы қаптамасына жазылатын сүт өнімдеріне байланысты.

– Осылайша, оны өнімді сәйкестендіру және қауіпсіздік көрсеткіштеріне қатысты белгісі жойылды, – деді ЕЭК баспасөз қызметі.

Комиссия бүгінгі күнге дейін қалпына келтірілген сүтті өндірушілер өз өнімдерін  таңбалағанда, тұтынушыларға ұнамайтын атауды, яғни «қалпына келтірілген сүт» деген жазудың орнына «сүт сусыны» деген таңбаны қолдануға мәжбүр болғанын атап өтті.​  Аталған өзгерістер қалпына келтірілген сүтті өндірушілерді анықтап, оны өнім қаптамасына «қалпына келтірілген сүт» деп жазып, айналымға шығаруға мүмкіндік береді.

ЕЭК Кеңесінің шешімі Комиссияның веб-сайтында ресми жарияланған күннен бастап 180 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.

ЕАЭО «Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентіне сәйкес, «қалпына келтірілген сүт» дегеніміз  қапталған сүт немесе сүт өңдеу өнімдерін өндіруге арналған шикізаттан басқа, қоюландырылған немесе кептірілген сүт өнімдері мен судан жасалған сусындардан басқа сүт өнімдері болып табылады.

«Техникалық регламентке енгізілген өзгерістер қалпына келтірілген сүтті тұтынушы орауышына оралған дайын сүт өнімі ретінде жіктейді, оны сәйкестендіру мен қауіпсіздік көрсеткіштеріне, сондай-ақ тиісті таңбалауға қойылатын талаптарды белгілейді. Бұл адал өндірушілерге оны қалпына келтірілген сүт ретінде айналымға жіберуге мүмкіндік береді» делінген хабарламада.

2019 жылдың 11 қаңтарынан бастап Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерінен сүт майын алмастыратын сүт өнімдерін өндірушілер қаптамада өсімдік майларының бар екендігі туралы ақпаратты орналастыруы керек. Енді тұтынушылар дүкен сөрелерінде сүтті май алмастырғыш қосылған немесе қосылмаған өнімдерді анық ажыратып, олар қандай өнімді сатып алатындығы туралы ақпарат алады. 

Өсімдік майлары бар сүт өнімдерін өндірушілерге бекітілген «Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» ЕАЭО техникалық регламенттеріне өзгерістер күшіне енетін өтпелі кезең аяқталды. 

Өзгерістер Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Кеңесінің 2017 жылғы 10 қарашадағы No 102 шешімімен қабылданды.