Жеңіл атлетика • 15 Ақпан, 2021

Кениялық желаяқ жеңіл атлетикадан жаңа әлем рекордын орнатты

263 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кениялық желаяқ Беатрис Чепкоеч Монакода өткен жарыста 5 шақырымға жүгіруден жаңа әлемдік рекорд орнатты. Бұл туралы Халықаралық жеңіл атлетика федерациясына (World Athletics) сілтеме жасап Egemen.kz хабарлайды. 

Кениялық желаяқ жеңіл атлетикадан жаңа әлем рекордын орнатты

29 жастағы спортшы аталған қашықтықты 14 минут 43 секундта жүгіріп өткен. Бұл нидерландтық Сифан Хассан 2017 жылы орнатқан рекордтан бір секундқа жоғары. 

Айта кетелік, кениялық Беатрис Чепкоеч 3 мың метрге кедергілер арқылы жүгіруден 2019 жылғы әлем чемпионы және көптеген халықаралық турнирлердің жеңімпазы саналады.