Саясат • 15 Ақпан, 2021

Киевте Қазақстанның мемлекеттік наградасы табыс етілді

327 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан елшісі Дархан Кәлетаев Украинаның халық депутаты, «Батькивщина» партиясының мүшесі Иван Кириленкоға Қазақстан мен Украина арасындағы достық пен ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін жоғары мемлекеттік награда - 2 дәрежелі «Достық» орденін табыс етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Киевте Қазақстанның мемлекеттік наградасы табыс етілді

Награданы қабылдай отырып, И.Кириленко Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа екі ел арасындағы байланысты нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалағаны үшін алғыс айтты. Өзі үшін және Қазақстан мен бауырлас қазақ халқына жылы лебізбен қарайтын бүкіл үлкен «украиналық команда» үшін бұл үлкен мәртебе, үлкен жетістік екенін атап өтті.

Сонымен бірге, ол бірнеше рет Қазақстанға келіп, инновациялық даму жолына негізделген елдің жетістігіне әрдайым сүйсінетіндігін баса айтты. Оның айтуынша, Қазақстан прогресінің қозғалтқышы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың инновациялық және терең есептелген идеялары, сондай-ақ олардың дәйекті жүзеге асырылуын қамтамасыз ету қабілеті. Сондай-ақ, ол украиналық түрлі «алаңдарда» және Жоғарғы Раданың «қабырғаларында» қазіргі заманғы Қазақстанның үлгісін мысалға келтіретінін қосты.

Халық депутаты достық пен өзара сенімге негізделген Қазақстан-Украина қатынастарын одан әрі дамыту үшін барлық күш-жігерін салатынына сендірді.