Қарағанды фармацевтикалық кешені Қазақстан аумағында «Гам-КОВИД-Вак» («Спутник – V») коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинаны тіркеу рәсімін аяқтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кәсіпорынның баспасөз қызметі хабарлағандай, 2021 жылғы 13 ақпанда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Сараптама ұйымының, тіркеу дерекнамасының материалдарын қарау нәтижесі бойынша вакцинаның қауіпсіздігі, сапасы мен тиімділігі туралы қорытындысы алынды.
Аталған қорытынды негізінде ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне тіркеу куәлігін алуға өтінім жолданды.
Осылайша, Қазақстан «Спутник-V» вакцинасын қолдануды мақұлдаған 27-ші мемлекет болды. Бүгінгі күні вакцина Ресей, Беларусь, Аргентина, Боливия, Сербия, Алжир, Палестина, Венесуэла, Парагвай, Түркменстан, Венгрия, БАӘ, Иран, Гвинея Республикасы, Тунис, Армения, Мексика, Никарагуа, Серб Республикасы (Босния және Герцеговина энтитеті), Ливан, Мьянма, Пәкістан, Моңғолия және Бахрейн сияқты мемлекеттерде тіркелген.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда вакцина өндіру туралы шешім ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен Ресейдің тікелей инвестициялар қорының комиссиясы қазақстандық фармацевтикалық кәсіпорындарына жүргізілген сараптамаларының нәтижесінде қабылданған болатын. ҚФК алаңы ресейлік субстанциядан дайын өнімді өндіруге анағұрлым дайын болып шықты. РТИҚ мамандары жүргізген техникалық аудит нәтижесі өндірістік алаңның коронавирусқа қарсы вакцинаның дайын түрін шығару үшін барлық талаптарға сәйкес келетінін растады.
Алдын ала есептеулер бойынша, осы жылдың ақпан айының соңында еліміздің барлық өңірлеріне ҚФК өндірген «Спутник - V» вакцинасының 90 мыңға жуық дозасын жеткізу жоспарлануда.
Денсаулық сақтау министрлігінде атап өткендей, Қазақстанда өз әзірлеушілерінің болуы, сондай-ақ вакциналар өндірісі үшін жергілікті алаңдардың болуы – бұл вакцинамен қамтамасыз етуге байланысты тәуекелдерді азайтуға және еліміздің эпидемиологиялық ахуалының тұрақтануына елеулі ықпал етуге мүмкіндік береді.
Алматыдағы 3 жолайрықтың құрылысы келесі жылы аяқталады
Аймақтар • Кеше
«Астрахань-Маңғыстау» су құбыры күрделі жөндеуді талап етеді
Аймақтар • Кеше
Маңғыстауда 10 мектептің директоры айыппұл төледі
Аймақтар • Кеше
«Ақ қауырсын» әдеби сыйлығының иегерлері анықталды
Аймақтар • Кеше
Референдум барысын 39 халықаралық байқаушы қадағалайды
Референдум-2022 • Кеше
Алматы метросында сейсмикалық станциялар орнатылды
Аймақтар • Кеше
Президент Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасын қабылдады
Президент • Кеше
«Тобылдың» жаңа бас бапкері тағайындалды
Футбол • Кеше
Биыл Атырауда 185 баланы күйік шалған
Аймақтар • Кеше
Қарағанды облысындағы тас жолда браконьер ұсталды
Аймақтар • Кеше
Елордада Ulttyq Onim көрмесі ашылды
Елорда • Кеше
Қазақстанға Омбы облысының бизнес делегациясы келді
Бизнес • Кеше
Қаржы • Кеше
Бүгін қазақстандық хоккейшілер Словакияға қарсы ойнайды
Хоккей • Кеше
Бізге атом электр стансасы керек - Энергетика министрі
Қазақстан • Кеше
Ақжайық резерватының аумағында өрт болды
Қазақстан • Кеше
Ғылым сарапшылары референдумның маңыздылығын талқылады
Референдум-2022 • Кеше
Мемлекеттік сатып алуды рәсімдеу уақыты қысқарады
Қоғам • Кеше
ДДҰ Қытайдың COVID-19-ға қарсы үшінші вакцинасын мақұлдады
Коронавирус • Кеше
Бір тәулікте 263 мың адам инфекция жұқтырған
Әлем • Кеше
Ауыл мектептері заманауи жабдықтармен қамтылады
Білім • Кеше
Майнинг фермалар ұлттық электр жүйесінен бөлінуі мүмкін
Қазақстан • Кеше
Үкімет 717 инвестициялық жобаның пулын құрды
Қазақстан • Кеше
GAP қаржы пирамидасына қатысты тергеу басталды
Аймақтар • Кеше
Ерлан Қарин Қазақстан саясаттанушыларының Х Конгресіне қатысты
Қазақстан • Кеше
Ақтөбеде жол апатынан екі адам қаза тапты
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар