Оқиға • 15 Ақпан, 2021

Өскеменде тұрғын үйден өрт шығып, кейуана қайтыс болды

474 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өскемен қаласында «Восточник-3» саяжай қарамағындағы жер үйден өрт шығып, зейнеткер қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz

Өскеменде тұрғын үйден өрт шығып, кейуана қайтыс болды

Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаменті хабарлағандай, оқиға орнына өрт сөндірушілер келіп жеткенде тілсіз жау кіреберістің ағаш құрылымдарын, шатырды, есікті, жеке заттар мен жиһазды шарпып жатты. Жалын шарпыған аумақ – 28 шаршы метр.

«Құтқарушылар үй ішінен 1949 жылғы әженің денесін тапты. Ол иіс тиіп көз жұмған. Алдын ала мәлімет бойынша өрттің шығуына – электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталмауы себеп болды» делінген хабарламада.

Айта кетейік, облыста 12 мен 15 ақпан аралығында жер үйлерде 9 өрт болған.