Аудан әкімі Мұрат Ергешбаев Қазалы қаласына арнайы барып, асфальтталатын көшелерді көрді.
«Жөнделетін көшелердің барлығы да бұрын асфальттанбаған және әлеуметтік нысандарға баратын жолдар екен. Бұл әрине өте орынды. Жеңімпаз мекемелер анықталған соң жұмыстардың сапалы орындалуына қатты мән беру керек», деді аудан басшысы.
Аудан басшысы көшеге қатысты мәселелер жергілікті қоғамдастықтың жиналысында талқыланып, халықтың қолдауымен атқарылу қажет екендігін айтты.