Қоғам • 15 Ақпан, 2021

Аида Балаева Украина елшісімен кездесті

258 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Нұр-Сұлтанда Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Украинаның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Петр Врублевскиймен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аида Балаева Украина елшісімен кездесті

Шара барысында министрліктің жетекшілік ететін бағыттары бойынша екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланды.

Кездесуде А. Балаева елшіге министрліктің жұмысы туралы айтып берді. Сонымен бірге Украинаның танымал әлеуметтік желілерінде жастарға арналған заманауи контентті құру жөніндегі тәжірибесіне қызығушылық танытты.

Петр Рублевский жастарды әлеуметтік қолдау шараларына, Қазақстан мен Украинадағы жастар ресурстық орталықтары мен жастар ұйымдарының жұмысына тоқталды.

Екі жақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін тараптар Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өту аясында имидждік роликтермен алмасуға келісті.

Тараптар өзара тиімді қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға ниет білдірді.