Аймақтар • 15 Ақпан, 2021

Қостанайда Денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен кетті

197 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облысының Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Вячеслав Дудник өз еркімен қыметінен кететінін мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz

Қостанайда Денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен кетті

«Бүгін – Вячеслав Дудниктің соңғы жұмыс күні. Басқарма басшысы қызметінен өз еркімен кетіп барады. В.Дудник облыстағы медицина мекемелерінің бас дәрігерлерімен соңғы рет онлайн-коференция режімінде жиын өткізді. Басқарма басшысы әріптестеріне «Сіздердің әрқайсыларыңызға шынайы алғысымды білдіремін. Біз сіздермен бірге көптеген маңызды шаруаларды тындырдық. Өздеріңізге, ұжымдарыңызға табыс тілеймін!» деген тілегін жеткізді», деп хабарлады облыстық ДСБ-ның баспасөз қызметі.