Аймақтар • 16 Ақпан, 2021

Оттегіні өздері өндіреді

268 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Атырауда ПТР-тест сынамасын тапсыруға ниеттілер қатары көбейе түсті. Мәселен, 9 ақпанда 6 391 сынама тапсырылды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл – пандемия басталғалы бері елімізде бір тәулікте тіркелген ең жоғары көрсеткіш.

Оттегіні өздері өндіреді

Бұған дейінгі тәуліктік жоғары көрсеткіш биылғы 6 қаңтарда тіркелген еді. Сол кезде 6 081 сынама алыныпты. Қазір өңірде 12 ПТР-тест зертханасы жұмыс істеп тұр. Былтырғы наурыздан бері аталған зертханаларда 666 мың ПТР-тест сынамасы жүргізілді.

Ал ауруханаларда 7 оттегі стансасы іске қосылды. Бұрын мұндай орталықтандырылған оттегі стансасы облыстық пе­ринаталдық орталықтың базасында ғана болған екен. Алайда былтырғы коронавирус пандемиясының бі­рінші кезеңінде ауруханаларды оттегі стансасымен қамту қажеттігі байқалды. Осыған орай облыс­тық кар­дио­логиялық орта­лық пен об­лыс­тық ауруханада, Аты­рау қаласындағы жаңа мо­дульдік инфекциялық ауру­ханада, Құрманғазы мен Қызыл­қоға аудандық ауруханаларында орталықтандырылған оттегі стансасы жұмысын бас­та­ды.

Енді биыл №2 облыстық ауруханада да жабдықталған оттегі стансасы ашылды. Об­лыс­тық аурухананың директоры Ербол Иманғалиевтің айтуынша, стансалар автоматты түрде басқарылып, өздігінен оттегі өндіреді.

– Бұған дейін ауруханада дербес оттегі тасымалын жү­зе­ге асыратын нүктелер бол­ған еді. Бұл өткен жылғы жаздағы пандемия өршіген тұста аздық етті. Сол себептен қос өкпесіне ауа жетпей қиналған әр науқасқа оттегі баллонын қолдануға мәжбүр болдық. Енді біз мұндай мәж­бүр­ліктен құтылдық. Оттегі стансасының қуаты нау­қас­тар­ды толық қамтуға жетеді, – дейді Е.Иманғалиев.

Ауруханадағы оттегі цехы кислород тарататын 360 нүк­тені қамтамасыз етіп тұр. Тіпті электр энергиясы өшкен жағ­дай­да оған қосымша генератор пайдаланылмайды. Өйткені оттегі стансасының қуаты мен қысымы үш күнге дейін сақ­та­ла­ды. Қазір инфекциялық стационарда коронавирус инфекциясымен ауруы асқынған нау­қас­тар жоқ. Дәрігерлер от­тегіні жансақтау бөлімінде ғана пайдаланады.

Биыл осындай оттегі станса­сын Индер аудандық ауруханасы мен Жылыой ауданының орталығы – Құл­сары қаласында са­лынып жат­қан модульдік инфек­циялық ауруханада іске қо­су жоспарланып отыр.

Атырау облысы