Созақ ауданында былтыр мемлекеттік «Инвест» бағдарламасы аясында ауыл шаруашылығы саласын дамытып, шалғайдағы малшыларға қолдау көрсету мақсатында 585 млн теңгеге 43 артезиан құдығы қазылған. Жайылымдарды суландыру мақсатында орнатылған құдықтарға 320 млн теңгеден астам субсидия берілген. Одан бөлек, 68 шаруа қожалығына күннен қуат алатын қондырғы орнатылып берілген. Мемлекет тарапынан бұл мақсатта 164 млн теңгеден астам субсидия төленді, деп хабарлайды Egemen.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жалпы ауданда 800-ден астам агроқұрылым бар. Ауданда ауыл шаруашылығы саласын дамыту негізгі мақсаттардың бірі. Мәселен, 2018-2020 жылдары мал шаруашылығына арналған жалпы 62 артезиан құдықтары орнатылған.
Биыл да шалғайдағы мал шаруашылығымен айналысатын 40 шаруалылыққа құдық қазылып, агроқұрылымдарға күн сәулесі арқылы жарықтандыру қондырғылары орнатылады. Өңірде шаруаларды қолдап, субцидиялауға бағытталған «Инвест» мемлекеттік бағдарламасына деген қызығушылық артуда.
Архив қорында сақталған фото және киноқұжаттар жарияланды
Мәдениет • Бүгін, 18:34
Мемлекет басшысы Nomad Stunts тобының жетекшісіне ер-тоқым сыйлады
Президент • Бүгін, 18:12
Президент назарына ұсынылған Nomad Stunts тобының өнерінен фоторепортаж
Мәдениет • Бүгін, 18:07
Мемлекет басшысы Nomad Stunts тобының өнерін тамашалады
Президент • Бүгін, 17:40
Ұлыстың ұлы күнінде Абайға арналған ескерткіш ашылды
Мәдениет • Бүгін, 17:11
Елордада «Жыршы-термешілер» фестивалі өтті
Өнер • Бүгін, 16:45
Ұқсас жаңалықтар