Биылғы 12 ақпандағы жағдай бойынша 1 855,9 млрд теңге сомасына зейнетақы жинақтарының бір бөлігін алуға 115 608 өтінім қабылданды. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ерболат Досаев Премьер-Министр А. Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында мәлімдеді. Отырыстың күн тәртібінде биылғы қаңтардағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және республикалық бюджеттің атқарылуы мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлттық банк 2020 жылғы 4-тоқсанда кәсіпорындарға жүргізген мониторинг инвестициялық белсенділік пен өндіріс көлемінің төмендеуіне байланысты нақты сектордағы экономикалық белсенділіктің төмен қарқынының сақталуын көрсетуде.
Сонымен бірге сұраныстың қалпына келуі және дайын өнім бағасын өсірудің жылдамдауы, кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемелердің төмендеуі байқалады.
Композиттік озық индикатор нақты секторда экономикалық белсенділіктің біртіндеп қалпына келу белгілерінің пайда болуын көрсетуде.
Биылғы қаңтарда жылдық инфляция 7,4%-ке дейін баяулады. Азық-түлік инфляциясы бағаның жалпы өсуіне үлкен үлес қосуда. Азық-түлік тауарлары бағасының жылдық өсуі жекелеген тауар нарықтарында теңгерімсіздіктің сақталуы аясында 2020 жылғы желтоқсандағы 11,3%-дан биылғы қаңтарда 11,4%-ға дейін жылдамдады.
Инфляцияның азық-түлікке жатпайтын және сервистік компонентінің серпіні әлсіз тұтынушылық сұраныс аясында салыстырмалы түрде тұрақты болып қалуда.
Азық-түлікке жатпайтын инфляция 5,5%-тен 5,3%-ке дейін, ақылы қызметтер инфляциясы 4,2%-тен 4,1%-ке дейін баяулады. Азық-түлік инфляциясының 2020 жылғы қарашадан бастап жылдамдауына байланысты ҚР Ұлттық банкінің төрағасы барынша сезімтал тамақ өнімдеріне бағаның өсуіне ерекше көңіл бөлу қажеттігін айтты.
Өңірлер бойынша инфляция елеулі сәйкессіздіктерді көрсетуде. Мәселен, Маңғыстау облысында ол республикалық деңгейден 1,3 проценттік тармаққа, Қарағанды облысында және Нұр-Сұлтан қаласында 0,4 проценттік тармаққа асып түсті. Жалпы республика бойынша 11,4% деңгейінде болғанда 12%-тен жоғары азық-түлік инфляциясы Қарағанды облысында, Атырау облысында, Павлодар облысында тіркелді.
Азық-түлікке жатпайтын инфляция бойынша елде 5,3% болғанда Маңғыстау облысы 6,9%-пен алдыңғы қатарға шықты. Жалпы республика бойынша инфляция 4,1% болған кезде 5%-тен жоғары ақылы қызметтер инфляциясы Маңғыстау облысында, Нұр-Сұлтан қаласында, Ақтөбе облысында тіркелді.
«Биылғы ақпан-наурызда мұнай өндіруді қысқарту туралы ОПЕК+ шешімінің есебінен биылғы қаңтарда мұнай бағасының өсуі орын алды. Баға өсуінің оң серпіні ақпанда да жалғасып, мұнай бағасы бір баррель үшін $63,3 жетті», деді Е. Досаев.
Республикалық бюджетке трансферттер бөлу, квазимемлекеттік сектор компанияларының экспорттық валюта түсімінің бір бөлігін сатуы шеңберінде Ұлттық қор активтерін конвертациялау теңге бағамына оң әсерін тигізді. Биржадағы сауда-саттық қорытындысы бойынша биылғы 15 ақпанда теңге бағамы бір АҚШ доллары үшін 416,92 теңге болып, ай басынан бастап 1,7%-ке нығайды.
Алдын ала деректер бойынша төлем балансының ағымдағы шоты ҚР Ұлттық банкі болжамына сәйкес келіп, 2020 жылы -$5,9 млрд тапшылығымен қалыптасты, бұл шетелдік инвесторларға төленетін кірістің қысқаруына байланысты 2019 жылғы тапшылықтан $1,3 млрд аз. Ұлттық банк басшысының айтуынша, ағымдағы шот тапшылығының негізгі себебі мұнай және газ конденсаты экспортының қысқаруы есебінен тауарлар экспортының төмендеуі болып табылады. Тауарлар импортының төмендеуі бірқалыпты және инвестициялық және аралық тауарларды әкелудің қысқаруына байланысты болды.
Ұлттық қордың активтері осы жылдың басынан бастап $1 млрд-қа мына себептер бойынша төмендеп, биылғы қаңтардың соңында $57,7 млрд құрады:
Ұлттық қорға түсімдер 43 млрд теңге, оның ішінде валюталық түсімдер $56,2 млн немесе теңге баламасында 24 млрд болды;
жыл басынан бастап 381 млрд теңгеге нысаналы және кепілдендірілген трансферттер бөлуді қамтамасыз ету үшін $720 млн сатылды;
инвесторлардың тәуекелге бару деңгейінің төмендеуіне байланысты биылғы қаңтарда MSCI World акциялар индексінің төмендеуі -1% болды.
Ұлттық қордың сол кезеңдегі инвестициялық кірісі (-)$340 млн немесе -0,59% болды.
Қаңтарда қор нарықтарындағы құбылмалылық экономиканың біркелкі қалпына келмеуіне, сондай-ақ кәсіби емес инвесторлардың сауда платформаларындағы белсенділігі аясында шығыны көп компаниялар акцияларының шарықтауына байланысты күшейе түсті.
«Бұл ретте ақпанның басында акциялар нарығының қалпына келуі байқалды, биылғы ақпанның алғашқы 2 аптасында Ұлттық қордың инвестициялық кірісі биылғы қаңтардағы құлдырауды өтеп, $800 млн құрады», деді Е. Досаев.
Алтынвалюта резервтері өзгермей, биылғы қаңтардың соңында алдын ала деректер бойынша $35,6 млрд болды. Алтын бағасының төмендеуі нәтижесінде алтын портфелінің төмендеуі еркін конвертацияланатын валютадағы активтердің өсуімен теңестірілді.
Шетел валютасындағы активтер мемлекеттік қарызды төлеумен, сондай-ақ екінші деңгейдегі бір банктің $500 млн-ға валюталық облигацияларын өтеу міндеттемелерін орындауына байланысты болған Қазақстан Ұлттық банкіндегі шоттардан екінші деңгейдегі банктер қаражатының әкетілуімен ішінара реттелген Азия даму банкі қарызынан қаражаттың келуі есебінен өсті.
Жалпы халықаралық резервтер жыл басынан бастап $1 млрд-қа төмендеп, $93,3 млрд құрады. Зейнетақы активтері 2021 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша жыл басынан бастап 213,9 млрд теңгеге немесе 1,7%-ке ұлғайып, 13,1 трлн теңге болды. Биылғы жылдың басынан бастап есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 178,5 млрд теңге, зейнетақы жарналарының көлемі 88,8 млрд теңге болды. 2021 жылғы қаңтарда инфляция 0,6% болған кезде 1,4% мөлшеріндегі кірістілік қамтамасыз етілді.
Соңғы 12 айда зейнетақы активтерінің кірістілігі инфляция деңгейі 7,4% болған кезде 12,1% болды. Нақты кірістілік инвестициялық қызмет, сондай-ақ валюта портфелін нарықтық және бағамдық қайта бағалау нәтижесінде қамтамасыз етілді, оның үлесі елдер мен эмитенттер бойынша инвестициялар географиясын кеңейту, портфельдің сапасы мен өтімділігін арттыру үшін кезең-кезеңімен ұлғайтылып, 30% деңгейінде сақталуда.
Қаражатты мерзімінен бұрын алу бойынша салымшылар алдындағы міндеттемелерді уақытылы орындау мақсатында Ұлттық банк зейнетақы активтері портфелінің ағымдағы өтімділігін қолдауда, оның деңгейі биылғы 1 ақпанда 446,8 млрд теңге болды. Биылғы қаңтарда ақпараттық жүйелерді интеграциялауға байланысты дайындық жұмысы аяқталған соң Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры азаматтардың зейнетақы жинақтарының бір бөлігін алуға арналған өтінімдерін қабылдай бастады. Биылғы 12 ақпандағы жағдай бойынша 1 855,9 млрд теңге сомасына 115 608 өтінім қабылданды. Оның ішінде 423,6 млрд теңге сомасына 78 074 өтінім өңдеуге қабылданып, мақұлданды.
Биылғы 12 ақпанда БЖЗҚ 408,2 млрд теңге сомасына 75 186 өтінім бойынша біржолғы зейнетақы төлемдерін аударды. Азаматтар алынған жинақтардың 87%-ін тұрғын үй мәселелерін шешуге, оның 45,5%-ін тұрғын үй сатып алуға; 28,3%-ін ипотекалық қарыз бойынша берешекті өтеуге; 10,5%-ін екінші деңгейдегі банктерге бастапқы жарна үшін және Отбасы банкінде ипотека алуға; 2,3%-ін жеке тұрғын үй құрылысын салуға, ипотеканы қайта қаржыландыруға, сатып алу құқығымен жалдау шарты бойынша берешекті өтеуге және өзге де мақсаттарға жұмсауға ниеттенеді.
Сондай-ақ ҚР Ұлттық банкі төрағасының айтуынша, экономиканы қолдау үшін Мемлекет басшысының дағдарысқа қарсы бастамаларын іске асыру жалғасуда.
«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша биылғы 12 ақпандағы жағдай бойынша кәсіпкерлерден 1,1 трлн теңгеге жуық сомаға 1 410 өтінім келіп түсті, оның ішінде банктер 731,5 млрд теңгеге 889 өтінімді мақұлдады, 552 млрд теңге сомасына 810 қарыз берілді.
Кәсіпкерлік субъектілерін жеңілдікпен кредиттеу бағдарламасы бойынша биылғы 12 ақпанда кәсіпкерлер 672,3 млрд теңгеге 2 632 өтінім берді, оның ішінде 526,2 млрд теңгеге 1 844 өтінім мақұлданды, 596,3 млрд теңгеге 5 879 қарыз берілді, оның ішінде 138,5 млрд теңгеге 2 479 қарыз бұрын берілген қарыздарды өтеуден түскен ақша есебінен берілді.
Қазақстанда кибер шабуылдар күрт артып кетті
Қоғам • Бүгін, 17:10
Елорданың 39 кәсіпкерлік нысаны «Ashyq» қосымшасымен жұмыс істейді
Аймақтар • Бүгін, 17:07
Петропавлда жатақханадағы жарылыстан бойжеткен көз жұмды
Аймақтар • Бүгін, 16:58
Қазақстандықтар қолма-қол ақшамен есептесуді күрт азайтты
Қоғам • Бүгін, 16:52
Актер Нұркен Өтеуіл жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 16:41
10 наурызда телерадиохабар тарату уақытша тоқтатылады
Қазақстан • Бүгін, 16:40
Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болғанына - 29 жыл
Қазақстан • Бүгін, 16:37
Қаңтардан бастап мемлекеттік әлеуметтік сақтандырудың жәрдемақы мөлшері өсті
Аймақтар • Бүгін, 16:28
Алматыда мектептер наурыз айында аралас оқу форматына көшеді
Аймақтар • Бүгін, 16:21
Қазақстан мен Қытай арасындағы шекаралық өткелдерде болатын проблемалық мәселелер реттеледі
Экономика • Бүгін, 16:19
«Дәрмек» республикалық операциясының бірінші кезеңі аяқталды
Аймақтар • Бүгін, 16:12
Акцияларын жариялауды жоспарлап отырған компанияларға салықтық жеңілдіктер қарастырылады
Экономика • Бүгін, 16:11
Adam bol awards жүлдесінің жеңімпаздары марапатталды
Қоғам • Бүгін, 15:56
Қостанайда карантин бұзғандарға 18 млн теңге айыппұл салынған
Аймақтар • Бүгін, 15:53
Шымкентте мектептерде ыстық тамақпен қамтуға рұқсат жоқ
Оңтүстік Қазақстан • Бүгін, 15:52
Су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша жұмыс жүргізілуде
Қазақстан • Бүгін, 15:48
Жүк жөнелтушілер бастамасымен ҚХР-ға жүк қабылдауға уақытша тыйым салынады
Экономика • Бүгін, 15:47
Қазақстан эпидемиялық ахуал бойынша "жасыл" аймаққа оралды
Қазақстан • Бүгін, 15:41
1-5 сынып оқушылары аралас форматта оқитын болады
Білім • Бүгін, 15:38
Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 15:31
Жамбыл облысында жұмыспен қамту жалғасуда
Аймақтар • Бүгін, 15:26
Мектеп формасына қатысты шешімді ата-аналардың өздері қабылдайды
Білім • Бүгін, 15:25
Мұнайлыда жылына 250 тонна ет өнімі шығарылады
Аймақтар • Бүгін, 15:11
Үлкен Алматы шатқалына баруға шектеу қойылды
Экология • Бүгін, 15:07
Қазақстан мен Түркия арасындағы дипломатиялық қатынастарға - 29 жыл
Саясат • Бүгін, 14:57
Қазақстан мен Қырғызстан президенттері журналистер үшін бірлескен баспасөз мәслихатын өткізді
Президент • Бүгін, 14:31
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаровтың бірлескен мәлімдемесі жарияланды
Президент • Бүгін, 14:21
Аула хоккей лигасының V маусымы аяқталды
Спорт • Бүгін, 14:13
Ақмола облысында ауыл мектебіне жаңа автобус табыс етілді
Аймақтар • Бүгін, 14:05
Алматы облысында өткен жылы 281,2 млрд теңгеге тамақ өнімдері өндірілген
Аймақтар • Бүгін, 13:48
Атыраулық әскерилер ардагерлер тұратын үйдің ауласын тазартып берді
Аймақтар • Бүгін, 13:33
Қытайлықтар елімізге визасыз кіре алатыны рас па?
Қазақстан • Бүгін, 13:31
Бағдат Мусин «Роскосмос» басшысы Дмитрий Рогозинмен кездесті
Технология • Бүгін, 13:14
Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Президентімен шағын құрамда келіссөздер өткізді
Президент • Бүгін, 12:59
Ауыл шаруашылығын дамытуда арнайы гранттар бөлінеді
Білім • Бүгін, 12:57
Қыс басталғалы қар құрсауынан 1242 адам құтқарылды
Қазақстан • Бүгін, 12:57
БҰҰ-ның Нигериядағы базасына шабуыл жасалды
Әлем • Бүгін, 12:55
Әлем елдеріндегі коронавирусқа қатысты ахуалға шолу
Әлем • Бүгін, 12:48
АӨК мемлекеттік қолдау тұрақты әрі оңтайлы болады - Сапархан Омаров
Экономика • Бүгін, 12:47
Атырауда «30 игі іс» қайырымдылық марафоны басталды
Аймақтар • Бүгін, 12:38
Шымкентте көктемгі әскерге шақыру басталды
Аймақтар • Бүгін, 12:21
Алексей Цой медицина саласында мәселе көптігін мойындады
Медицина • Бүгін, 12:14
Шымкенттік дәрігер 3 мыңға жуық ананы босандырған
Аймақтар • Бүгін, 12:05
ҚазҰУ белгілі ғалым Әлия Оспанованың 70 жылдығын онлайн режимде атап өтті
Руханият • Бүгін, 12:02
Жалған нөмір таққандар ісі сотқа жолданды
Аймақтар • Бүгін, 11:49
Алексей Цой ауылдағы дәрігерлер тапшылығын қалай шешуге болатынын айтты
Медицина • Бүгін, 11:44
2 наурызға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 11:43
Бокстан ұлттық құрама Испанияда халықаралық турнирге қатысады
Спорт • Бүгін, 11:43
«Алғыс айту күнінде» ардагерлер тыс қалған жоқ
Аймақтар • Бүгін, 11:35
Әскердің қауіп-қатерге даярлығы қалай?
Видео • Бүгін, 11:24
Шетелден келген 5 жолаушыдан коронавирус табылды
Қоғам • Бүгін, 11:15
Азық-түлік бағасын реттемеген әкім орынбасарлары жауапқа тартылады
Қоғам • Бүгін, 11:13
Қызылжарда Х қысқы Қазақстан оқушылар гимназиадасының ашылу рәсімі өтті
Спорт • Бүгін, 11:10
Нұрлан Нығматулин: Квазимемлекеттік сектордың қолжетімділігін қамтамасыз ету қажет
Парламент • Бүгін, 10:54
Аймақтар • Бүгін, 10:47
Шығыс Қазақстанда жолда қалып қойған 194 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Бүгін, 10:46
Қазақстанда қандай әлеуметтік желілер жиі қолданылады
Қоғам • Бүгін, 10:46
Қазақстан 2020 жылғы экономикалық еркіндік рейтингінде 39-орынды иеленді
Экономика • Бүгін, 10:45
Үкімет медициналық-санитариялық алғашқы көмекті дамыту шараларын қарады
Үкімет • Бүгін, 10:34
Қырғызстан президенті мемлекеттік сапармен Қазақстанға келді
Саясат • Бүгін, 10:24
Ассамблея өкілдері алғыс айту күнімен құттықтады
Аймақтар • Бүгін, 10:21
Өсімдіктер әлемі туралы Заң қабылданады
Қазақстан • Бүгін, 10:13
5 жылда ауыл тұрғындарына шағын несие беріледі
Қоғам • Бүгін, 10:07
Қазақстандағы ең танымал әлеуметтік желі қайсы?
Қазақстан • Бүгін, 10:06
Дариға Назарбаева Тараздағы инклюзияны қолдау кабинеттерінің жұмысымен танысты
Аймақтар • Бүгін, 10:05
Forte Challenger 125 турнирі қазақстандықтар үшін сәтсіз басталды
Спорт • Бүгін, 10:02
Асқар Мамин: Әкімдер азық-түлік бағасын бақылауды күшейту қажет
Үкімет • Бүгін, 09:45
Ұқсас жаңалықтар