Елбасы • 16 Ақпан, 2021

Елбасы Қарағанды облысының бұрынғы әкімінің отбасына көңіл айтты

224 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Петр Нефедовтың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды Egemen.kz  Elbasy.kz сайтына сілтеме жасап.

Елбасы Қарағанды облысының бұрынғы әкімінің отбасына көңіл айтты

Қазақстанның Тұңғыш Президенті мемлекет қайраткері Петр Нефедовтің өмірден озғаны туралы суыт хабарды күйзеліспен қабылдады.

«Қарапайым кеншіден бастап, еліміздің өнеркәсіптік өңірі – Қарағанды облысының басшысы қызметіне дейінгі еңбек жолында ол еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосты.

Ол әрдайым өндірістегі бай тәжірибесімен және білімімен, жоғары кәсібилігімен әрі ұйымдастырушылық қабілетімен ерекшеленетін.

Петр Петрович Нефедовтің жарқын бейнесі біздің жүрегімізде сақталады», – делінген жеделхатта.

 

Еске салайық, мемлекет қайраткері, Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Петр Нефедов 80 жасында өмірден өтті.