Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің мәліметінше, мониторинг жүргізу барысында елордалық полицейлер сиырды мұнара кранымен көтеру фактісін анықтады. Оқиға 15 ақпан күні сағат 11:30-да Ж.Нәжімеденов көшесінде салынып жатқан тұрғын үй кешенінде болған.
Полиция қызметкерлері оқиғаның барлық қатысушыларын анықтады. Аталған факті бойынша тексеріс жүргізілуде. ҚР заңнамасына сәйкес шара қолданылады. Салынып жатқан аталған құрылыс учаскесінің бастығы Олжас Есеналин сиырды құрбандыққа шалып, етіп мұқтаж адамдарға таратпақ болғандықтарын айтады.