Атыраудағы УГ-157/11 мекемесінде 150-ден астам жазасын өтеп жатқан әйелдердің кейбірі айына 5 кітап оқиды екен. Енді оларға жергілікті зейнеткер Мәлік Көптілеуов жеке кітапханасынан 100-ден астам кітапты әкеліп берді.

Қазір аталған мекеменің кітапханасы 6000-нан астам кітаппен қамтылып отыр. Оның ішінде қазақ тіліндегі әдеби шығармалардан бөлек әлем классиктерінің де кітаптары бар.
«Бұдан бұрын жергілікті газеттер арқылы Атырау тұрғындарынан мекемеге қайтарымсыз кітаптар қабылдайтынымызды хабарлаған едік. Осы хабарландыруды естіген Атырау қаласының тұрғыны, мұнай саласында еңбек еткен зейнеткер Мәлік Көптілеуов жазасын өтеуші әйедер үшін 100-ден астам қазақ және орыс тіліндегі кітапты қайтарымсыз сыйлады», дейді мекеме бастығының орынбасары Медет Аджикулов.
Си Цзиньпин Путинді Қытайға шақырды
Әлем • Бүгін, 19:45
Президент Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығына арналған концертті тамашалады
Президент • Бүгін, 19:15
Талдықорғанда жас қыздан 108 г есірткі тәркіленді
Есірткі • Бүгін, 19:09
Архив қорында сақталған фото және киноқұжаттар жарияланды
Мәдениет • Бүгін, 18:34
Мемлекет басшысы Nomad Stunts тобының жетекшісіне ер-тоқым сыйлады
Президент • Бүгін, 18:12
Президент назарына ұсынылған Nomad Stunts тобының өнерінен фоторепортаж
Мәдениет • Бүгін, 18:07
Ұқсас жаңалықтар