Аймақтар • 16 Ақпан, 2021

Қармақшыда көктемгі су тасқынының алдын алу шаралары пысықталды

203 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қармақшы ауданының әкімі Мұса Қалдарбеков Сырдария өзенінің бойында орналасқан Жаңажол, Иіркөл, Қармақшы ауылдық округтері мен Қызылтам елдімекендерін аралады, деп хабарлайды Egemen.kz

Қармақшыда көктемгі су тасқынының алдын алу шаралары пысықталды

Жосалы кентіндегі жалпы ұзындығы 69,7 шақырымдық қорғаныс бөгеттерінің жай-күйімен  де танысты.

Сонымен қатар, қауіпті аймақтарда бірінші кезекте пайдаланылатын инертті материалдар қоры мен аудандық азаматтық қорғау қызметтерінің құрамындағы техникалар дайындығын тексерді.

Көктемгі мұз жүру кезінде су тасқынының алдын алу бағытында атқарылатын жұмыстарды талқылап, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.