Қоғам • 17 Ақпан, 2021

Қоғамды демократияландыру жолындағы маңызды қадам

468 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли facebookтегі парақшасында Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бас прокуратураның басшылық құрамымен кеңесте сөйлеген сөзіндегі түйінді ойларымен бөлісті.

Қоғамды демократияландыру жолындағы маңызды қадам

«Былтырдан бастап Қазақ­станда бейбіт жиындар өткізу туралы мүлде жаңа заң күшіне енді. Егер бұрын қолданыста болған заңда рұқсат алу процедурасы болса, жаңа заңда митинг өткізу туралы хабарласа жеткілікті. Сонымен қатар, ірі қалалардың орталықтарында бейбіт жиындарға, оның ішін­де, наразылық акцияларын өт­кі­­зуге арнайы орындар белгі­лен­­ген.

Бұл біздің қоғамды демократияландыру жолындағы өте маңызды қадам. Бұл саясатты біздің қоғамда ғана емес, шетелдерде де түсіндіруіміз керек. Жиын өткізгісі келетіндер жаңа заңға бағынуға міндетті.

Азаматтардың билікке қа­тыс­ты өз ойын білдіру, сыни пікір айту құқынан ешкім айы­ра алмайды. Бұл олардың конс­ти­туциялық құқығы және ол қатаң түрде заң аясында орындалуы керек».

Соңғы жаңалықтар

Оқырман ойы: Игі істің дәнекері

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:40

«Egemen Qazaqstan» қалашығы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:35

«Етжеңді» жобасы қалай өмірге келді?

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:30

Халық аңсаған хаттар

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:25

Қара шаңырақтың қасиеті

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:20