Осы жылдың басынан бастап Қазақстанға келген қандастардың жартысынан астамы (65,9%) Өзбекстаннан, 19,3%-ы – ҚХР-дан, 6,3%-ы – Түрікменстаннан, 4,2%-ы – Моңғолиядан және 4,3%-ы басқа елдерден келгендер.
Келген этностық қазақтар негізінен Алматы (40,9%), Маңғыстау (12,5%) және Түркістан (6%) облыстарында, сондай-ақ Нұр-Сұлтан (6%) және Шымкент (16,9%) қалаларында қоныстанды.
Ағымдағы жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этностық қоныс аударушылардың саны 58,7%-ды, еңбекке қабілетті жасқа жетпегендері 21,4%-ды және зейнеткерлер 19,8%-ды құрайды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.