Өткен тәулікте Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Корея, Мальта, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, РФ, Өзбекстан және Қырғызстаннан 13 халықаралық әуе рейсі келді.
1 972 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 759 адам, анықтамасыз 213 ҚР азаматтары келді.
Оның ішінде:
Алматы қаласының әуежайына – 9 рейс, 1 622 жолаушы, анықтамамен - 1 413, анықтамасыз - 209;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 4 рейс, 350 жолаушы, анықтамамен - 346; анықтамасыз - 4.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.
Анықтамасыз келген 383 Қазақстан азаматының ПТР-талдау нәтижелері бойынша Мале – Алматы рейсімен келген бір жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды.