Аймақтар • 17 Ақпан, 2021

Атырауда 10 медициналық нысан ашылды

199 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін тұрғындар алдында есеп берген облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің мәліметінше, былтыр Атырау қаласы мен аудандарда 10 медициналық нысан ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда 10 медициналық нысан ашылды

«Мәселен, Құрманғазы ауданында 75 орындық орталық аурухана салынды. Облыстық кардиологиялық орталық үшін 50 орындық жапсарлас ғимарат тұрғызылды. Атырау қаласында модульдік инфекциялық аурухана пайдалануға берілді. Бірқатар ауылдық елді мекенде дәрігерлік амбулаториялар іске қосылды. Ауылдық елді мекендердің тұрғындарын қамту үшін 5 жылжымалы медициналық кешен жұмысын бастады. Былтыр жедел медициналық жәрдем қызметіне 46, биылғы жылдың басында 20 жаңа автокөлік берілді. Осылайша өңірдің аталған қызметі қажетті көлікпен 100 пайыз қамтылды» деді Махамбет Досмұхамбетов.

Әкімнің айтуына қарағанда, аймақта 10 денсаулық сақтау нысанына күрделі жөндеу жасалды. Қазір Жылыой ауданының орталығы – Құлсары қаласында 75 орындық аурухананың құрылысы жалғасып жатыр.