Аймақтар • 17 Ақпан, 2021

Атырау облысында 24 мың жұмыс орны ашылды

287 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін тұрғындар алдында есеп беру кезінде облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов өткен жылы мұнайлы өңірде жаңадан 24 мың жұмыс орны ашылғанын мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырау облысында 24 мың жұмыс орны ашылды

Тұрақты жұмыс орны – 15 мың 400.

«Еңбек» және басқа да мемлекеттік бағдарламалар аясында 24 мың жаңа жұмыс орны ашылды. Жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 4,7 млрд теңге бөлініп, 29 мыңнан астам адам қамтылды. Оның ішінде 24 мың 900 адам жұмысқа орналасты», деді Махамбет Досмұхамбетов.