Аймақтар • 17 Ақпан, 2021

Кеспей ота жасау әдісі Алтайға жетті

545 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жуықта Алтай ауданының орталық аудандық ауруханасында ангиографтың жұмысы іске қосылды. Осыдан былай, рентгендік эндоваскулярлық әдісін қолдана отырып, скальпельсіз операция жасалады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кеспей ота жасау әдісі Алтайға жетті

Енді науқастарға облыс орталығына барудың қажеті жоқ, көптеген операциялар ауданда  жасалады. Науқастарға мұндай операцияны дәрігер-интервент Дамир Маратұлы Жүнишанов жасайды. Аудандық ауруханада жоғары технологиялық ангиографиялық жабдықпен қамтамасыз етілген.

– Кез-келген инфаркт, егер осылай емделмесе, жүрек бұлшықетінің некрозына және өлімге әкелуі мүмкін. Қазір бізде стенокардиямен ауыратын 61 жастағы науқас ем алып жатыр. Бұл әдіс оның ишемиясы бар-жоғын, буындарының жұмыс істеуін, тамырлардың тарылғандығын анықтауға мүмкіндік береді. Қажет болса, стент орнатылады. Мамандарды дайындау үш жылға жуық уақытты алады. Бірақ біз көп күте алмаймыз, сондықтан ауданға облыс орталығынан арнайы дәрігер-интервентті шақырдық. Наурыздан бастап бүкіл жылдық көлемді толығымен қамтуды жоспарлап отырмыз. Әзірше Алтай тұрғындарына ғана операциялар жүргізіледі. Бірақ жақында ангиограф толық қуатта жұмыс істей бастайды, – деп түсіндірді аудандық аурухананың бас дәрігері О. Нұркенов.