Қоғам • 17 Ақпан, 2021

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Нұртілеу Иманғалиұлының отбасына көңіл айтты

802 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі белгілі тележурналист Нұртілеу Иманғалиұлының отбасы мен туған-туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Нұртілеу Иманғалиұлының отбасына көңіл айтты

Бүгін 68 жасында белгілі журналист, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының екі мәрте лауреаты, «Алтын Жұлдыз» сыйлығының иегері, Қазақстан ақпарат саласының үздігі, Қазақстанның еңбегі сіңірген қайраткері Нұртілеу Иманғалиұлы өмірден озды.

Еңбек жолын телевизия саласында қатардағы тілші болудан бастап, дарыны мен талантының арқасында редактор, аға редактор, комментатор, бас редактор, саяси шолушы, директордың орынбасары, «Хабар» агенттігінде модератор-жүргізуші, «Қазақстан» РТРК АҚ Басқарма төрағасы, Президент Әкімшілігі мен Үкімет кеңсесінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарды.

Бүкіл саналы ғұмырын отандық телевизия саланының дамуына арнаған Нұртілеу Иманғалиұлы «Құрдастар», «Жастар дауысы», «Арай», «Жадыңда ма, жолдас», «Айна», «Жас жігер», «Бетпе-бет», «Қолтаңба», «Діңгек», «Көршілер», «Заң сөйлесін», «Nur-Tiley» сынды авторлық бағдарламалары арқылы қалың көрермен есінде қалды.⠀

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі марқұмның отбасы мен туған-туыстарының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады.