Қоғам • 17 Ақпан, 2021

Қос шенеунікке қатысты тараған ақпарат жалған ба?

294 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұған дейін бірқатар ақпарат құралдарында Алматы облысындағы Еңбекшіқазақ ауданының әкімі Қуанышбек Қашқымбаевтың өз еркімен қызметінен кеткені туралы және Қапшағай қаласы білім бөлімінің басшысы Раиса Ешимованың бюджет қаржысын жымқыруға байланысты күдікке ілінгені жайында ақпараттар тараған болатын, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қос шенеунікке қатысты тараған ақпарат жалған ба?

Бірақ аудан әкіміне қатысты ақпарат шындыққа жанаспайды екен. Облыс әкімінің баспасөз қызметі Еңбекшіқазақ ауданың әкімі Қуанышбек Қашқымбаевтың жұмыстан өз еркімен босату туралы өтініш бермегенін, осы сәтте лауазымды шенеунік өз қызметтік міндетін атқарып отырғанын растады. Сондай-ақ, баспасөз қызметінің өкілі бұған дейін тараған мәліметт туралы түсінік бере алмайтындығын жетізді.

Ал Қапшағай қаласы білім бөлімінің басшысы Р. Ешимоваға қатысты жария болған деректерде «Білімді дамыту-2020-2025» мемлекеттік бағдарламасы бойынша бөлінген қаражаттың 1 млн теңгесін мақсатсыз жұмсады деген күдікке алынуы мүмкін делінген болатын. Қазір бөлім басшысы өзінің тікелей жұмысын жалғастыруда. Бұл ақпаратты Алматы облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі растады. Басқарма өкілі Р. Ешимованың қызметтік міндетіне қатысты қандай бір шешім қабылданбағанын, сондық ол бөлім басшысы ретіндегі қызметтік лауазымын жалғастырып жатқанын айтты.