Аймақтар • 17 Ақпан, 2021

Сотталғандар қайырымдылық істен құр қалмайды

363 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталғандардың бірі қайырымдылықпен айналысты. Талап-арызы, қарызы жоқ жұмысқа орналасқан сотталғандар еңбекақысын өз бетінше басқаруға құқылы,  деп түсіндіріп өтті ведомствода.

Сотталғандар қайырымдылық істен құр қалмайды

Сотталған Тимур (аты өзгертілген) мекемеге өткен жылдың қараша айында келген. Мекемеге келген соң Тимур бірден жүргізуші болып жұмысқа орналасқан.

- Қауіпсіздігі барынша төмен мекемесіне келгеннен кейін сотталғандарды жұмысқа орналастыру бірінші кезектегі міндет болып табылады. Әкімшілік қызметкерлері келгендердің жеке істерін зерделейді, өйткені олардың көпшілігі мекемеде жиі білім алады. Алған дипломдарына сәйкес олар тиісті мамандық немесе өздерінің қалауы бойынша мекеме аумағынан тыс жердегі кәсіпорындарға жұмысқа орналастырады, - деді мекеме басшысы Әбдірахман Дастан.

Тимур біраз уақыт жұмыс істегеннен кейін, мекеме әкімшілігінен айлық жалақысын қайырымдылық ретінде балалар үйінің шотына аударуды сұрап, игі іс жасауға шешім қабылдады.