Президент • 17 Ақпан, 2021

Мемлекет басшысы Total концернінің барлау және өндіру жөніндегі бөлімшесінің президентін қабылдады

305 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кездесу барысында көмірсутегі секторындағы бірқатар жобаны жүзеге асыру мәселелері, Қазақстан мен Total концерні арасындағы ықпалдастықтың алдағы перспективалары, сондай-ақ, жаңа инвестициялар тарту мүмкіндіктері талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекет басшысы Total концернінің барлау және өндіру жөніндегі бөлімшесінің президентін қабылдады

Арно Брейяк Қасым-Жомарт Тоқаевқа концерннің жасыл технологиялар бағытындағы жұмысын трансформациялау жоспары туралы айтып, кәсіпорынның атауын TotalEnergies деп өзгертуге ниетті екенін жеткізді.

Сонымен қатар француз кәсіпкері концерннің Қазақстандағы мұнай-газ саласы бойынша, соның ішінде, Қашаған кен орнындағы екінші фазаны іске асыру аясындағы ірі жобаларға, сондай-ақ, жаңартылатын энергия көздері бағытындағы бірқатар жобаға инвестиция салуға дайын екенін нақтылады.

Мемлекет басшысы мұнай-газ концернінің даму стратегиясын өзгерту жөніндегі шешімін құптап, Қазақстанның 2060 жылға қарай көміртегі бойынша бейтараптыққа қол жеткізуге бейілді екенін айтты.

Сонымен қатар кездесуде Арно Брейяк Қасым-Жомарт Тоқаевқа компанияның Каспий және Оңтүстік-Еуропа аймағы бағытындағы бөлімшесінің жаңа вице-президенті Кристин Хейлиді таныстырды.

Соңғы жаңалықтар

Даланың дәмі бар балмұздақ

Кәсіпкер • Бүгін, 09:15

Шебер тірілткен құнды мұра

Көрме • Бүгін, 09:05

Жарапазан айтып жарысты

Дәстүр • Бүгін, 09:00

Наурыздың рухын асқақтатқан ән

Наурызнама • Бүгін, 08:55

Парасат пен мейірім

Қоғам • Бүгін, 08:50

Америка асқан «Қыз-Жібек»

Таным • Бүгін, 08:45

Өнегелі Ольга

Қоғам • Бүгін, 08:35

Тау көтерген толағай

Қоғам • Бүгін, 08:30

Ұлт тағамын ұлықтаған

Кәсіпкер • Бүгін, 08:20

Жауапты ғұрып

Пікір • Бүгін, 08:10