Тек 2020 жылдың 12 айында автокөліктерде 2 216 өрт орын алды, шығыны 618 млн теңгені құрады.
2021 жылдың қаңтар айында автомобиль көлігінде 210 өрт болды, оның шығыны 88 млн.теңгені құрады. 2020 жылдың ұқсас кезеңінде өрттер саны 2 есе артты (2020 ж. – 110), материалдық залал 5 есе өсті (2020 ж. - 15 млн.теңге).
Автокөліктегі өрттердің негізгі үлесі жеңіл көлікке тиесілі, атап айтқанда 187 жағдай немесе көліктегі өрттердің жалпы санының 89%-ын құрайды.
Өрттердің жалпы санының 15-20%-ын автокөлік құралдарындағы өрт құрайды және соңғы 5 жыл ішінде тұрғын үй секторындағы өрттерден кейін жиілігі бойынша тұрақты екінші орынды алады.