Аймақтар • 17 Ақпан, 2021

Алматы облысында екі көтерме-тарату орталығы ашылады

205 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биылғы жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығындағы жалпы өнім көлемі Алматы облысында 1 трлн теңгеге, бір адамға шаққандағы еңбек өнімділігі 2,8 млн теңгеге жетеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Алматы облысында екі көтерме-тарату орталығы ашылады

Бұл жайлы бүгін Алматы облысының әкімі Амандық Баталов тұрғындар алдындағы есепті жиынында айтты.

Ұлттық тауар жеткізу жүйесі шеңберінде облыста Еңбекшіқазақ ауданында және Қапшағай қаласында екі көтерме-тарату орталығы құрылады. Заманауи КТО өнімді бір жерге жинақтауға, оны шығынсыз сақтауға, ішкі нарыққа ғана емес, сыртқа экспортқа шығаруды ұйымдастыруға мүмкіндік береді.