Аймақтар • 17 Ақпан, 2021

Атырауда көші-қон заңнамасын бұзған 103 шетелдік жазаланды

260 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі «Мигрант» жедел алдын алу іс-шарасының екі күнінде 143 әкімшілік құқық бұзушылық анықталғанын мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда көші-қон заңнамасын бұзған 103 шетелдік жазаланды

«Еліміздің көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 103 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот 4 шетел азаматына қатысты шығарып жіберу туралы шешім шығарды. Ал, 2018 жылдан бері Қазақстан Республикасының аумағынан өз еркімен шығу туралы сот шешімін орындамаған Өзбекстан Республикасының 16 азаматына қатысты мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберілді. Шақырылған шетелдіктер елімізде болудың белгіленген қағидаларын бұзғаны үшін оларды қабылдаған 34 азамат жазаланды. Сонымен қатар 6 жұмыс берушінің шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланғаны белгілі болды» деп хабарлады депаратменттің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ 297 шетелдіктің құқықтық мәртебесі реттеліпті.