Аймақтар • 17 Ақпан, 2021

Сайлауалды уәделерді орындаудың жол картасы таныстырылды

162 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

СҚО-да «Nur Otan» партиясының сайлауалды уәделерін іске асыру жөніндегі жол картасы бекітілді. Онда таяудағы 5 жылға жоспарланған 99 іс-шараны қамтылған. Оны депутаттарға СҚО әкімінің орынбасары Асқар Сақыпкереев облыстық мәслихаттағы «Nur Otan» депутаттық фракциясының отырысында таныстырды.

Сайлауалды уәделерді орындаудың жол картасы таныстырылды

Отырыс жұмысына «Nur Otan» партиясы өңірлік филиалының төрағасы, СҚО әкімі Құмар Ақсақалов қатысты. Барлық іс-шаралар сайлауалды бағдарламаның 7 бағыты бойынша жоспарланған. Олар – «Экономикалық тұрақты өңір», «Жайлы өңір», «Әлеуметтік-бағытталған өңір» және т.б. Жол картасын іске асыру нәтижелеріне қол жеткізу үшін бюджеттен 435,4 млрд. теңге және 475,1 млрд. теңге жеке инвестициялар мөлшерінде қаражат тарту көзделген. «5 жыл ішінде 70,2 млрд. теңгеге жергілікті маңызы бар 2,7 мың км жолды реконструкциялау және жөндеу жүргізіледі, бұл сапалы жолдардың үлесін 69%-н 98%-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Облыстың 142 ауылында сумен жабдықтау объектілерін салу және реконструкциялау жоспарланған. Бұл мақсаттарға шамамен 71 млрд. теңге тарту көзделетін болады. Құрылыста біз жалпы ауданы 1,9 млн. шаршы метрден асатын көп пәтерлі тұрғын үйлерді іске қосу есебінен бір тұрғынға шаққанда тұрғын үймен қамтамасыз етілу көрсеткішінің 22,3-тен 25,5 шаршы метрге дейін ұлғаюын күтеміз», - деді Асқар Сақыпкереев.

Фракция отырысында «Nur Otan» партиясы өңірлік филиалының төрағасы Құмар Ақсақалов сөйлеп, «Жол картасына халыққа берген уәделерді толық әрі сапалы орындау жөніндегі барлық қажетті шаралар енді. Ендігі міндет, осы жұмыстың уақытында орындалуын, бөлінген қаржының мақсатты жұмсалуын бақылау. Ал барлық шараны сапалы іске асыру халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын арттыруға мүмкіндік береді», деді.