Туризм • 18 Ақпан, 2021

Туристер үшін тартымды қала

440 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Шымкентте инвестициялық жо­­балар, туристік инфра­құры­лымды дамыту, қызмет көрсету сапасын арттыру, мар­кетинг­тік іс-шаралар, меди­ци­на­­лық ту­ризмді дамыту бағытын­да бір­­қатар жоба қолға алын­бақ. Бұл туралы қалалық туризм бас­қар­масының басшысы Олжас Шын­таев 2021 жылдың іс-ша­ра­­лар жоспарымен таныс­ты­ру ба­рысында мәлімдеді.

Туристер үшін тартымды қала

Басқарма басшысының айтуынша, қаладағы эпидемиялық жағдай жақсарып, карантиндік режім алын­ған соң, қалаға келетін туристер са­нын 2021 жылы 315 381-ге жет­кізу жос­­­­парлануда. 2020 жылдың қаң­тар-қыркүйек аралығындағы статис­тикалық көрсеткіш бойынша, рес­пуб­ликаның өзге өңірлерімен салыс­тырғанда Шымкент қаласына туристер көбірек келген.

Мәселен, республика деңгейін­де­гі алғашқы ондыққа кірген келуші ту­рис­тердің саны бойынша Нұр-Сұл­тан қаласы – 57,3%-ға, Алматы қа­ла­сы – 48,1%-ға, Алматы облысы – 43,8%-ға, Шығыс Қазақстан облысы – 45,1%-ға, Ақмола облысы – 44,3%-ға, Қарағанды облысы – 40%-ға, Маңғыстау облысы – 39,7%-ға, Қостанай облысы – 42,8%-ға, Түркістан облысы – 47,7%-ға, Шымкент қаласы 33,8%-ға төмендеген.

Туристік инфрақұрылымды дамыту бойынша биыл Шымкентте бір­қатар жұмыс атқарылмақ. Атап айт­қан­да «Көне шаһар» аумағын дамыту бо­­йынша жұмыс тобын құру, егжей-тег­жейлі жоба дайындау, Сайрам тұр­­ғын алабындағы тарихи-киелі нысандар­­ды толық абаттандыру, Сайрам тұрғын алабын Қазақстандағы «ТОП-50» туристік картасына енгізу, «Абай» саябағы аумағында «U: Дача» жобасын іске асыру, туристік аумақ­тар­ға бағыттайтын жаңа нысан паспорт­та­рын және жолсілтегіштерін орна­ту, жол бойындағы сервисті жақ­сар­ту және инфрақұрылымды дамыту, са­ни­тарлық-гигиеналық орын­дар­дың жағ­дайы мен сапасын арттыру жұмыс­тары жүргізіледі.

Сонымен қатар 2021 жылы қыз­мет көрсету сапасын арттыру, туристік сала өкілдеріне семинар-тренинг өт­кізу, туристік операторлар, блогерлер және БАҚ өкілдеріне арналған турлар, маркетингтік іс-шаралар ұйымдас­тыру жоспарлануда. Басқарма басшысы 2021 жылы SHYMKENT TOURISM CENTER туристік ақпараттық ор­та­лық қызметін одан әрі жандандыру ба­ғытында туристік ХАБ ашу, жаңа ту­ристік бағыттағы мерекелік іс-шара­лар бойынша және алдағы уақытта қол­ға алынатын жобаларын жеткізді.