Аймақтар • 18 Ақпан, 2021

Шарапаты мол жоба

133 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көкшетауда тағы бір отбасы баспаналы болды. Облыс орталығындағы Науан хазірет атындағы орталық мешіт пен «Зекет» корпоративтік қайырымдылық қоры «Ел үлесі – пәтерге!» жобасы аясында қала тұрғыны Нұрлан Әбенұлына екі бөлмелі пәтердің кілтін табыс етті.

Шарапаты мол жоба

Өзі де өзгеге жанашыр­лық жасауға ұмтылып тұра­тын имам Нұрлан Әбен­ұлы­ның отбасы үшін ақ түйенің қарны жарылған күн болды. Алты бірдей перзентін тәрбиелеп отырған ата-ана баспаналы болған сәтінде ақ алғыстарын жаудырып, ризашылықтарын білдірді.

Өңірде жақсылық шарапатымен талай жанның ал­ғысын иеленіп келе жат­қан бұл жоба бойынша бүгінге дейін 15 отбасы жайлы пә­термен қамтылып отыр. Қа­зақ­стан мұсылмандары діни басқармасының Ақмола облысындағы өкіл имамы Қуаныш Сәбиттің айтуына қарағанда, шарапаты мол жоба аясында еліміз бо­йын­ша бүгінге дейін мұқ­таж адам­дарға 349 пәтер сый­ланған екен. Игі бастама ал­­дағы уақытта да жалғасын таппақ.

 

КӨКШЕТАУ