Қоғам • 18 Ақпан, 2021

Қалдықтан жасалған туынды

346 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Рудныйдағы Сарыбай-Соколов кен орнының дәнекерлеушісі Сергей Еременко өндірісте пайдаланылатын кәдімгі металл сым қалдықтарынан бұқаның мүсінін жасап шығарды.

Қалдықтан жасалған туынды

Бесінші дәрежелі дәнекерлеуші салмағы 30 килограмм тартатын өнер туындысын бір аптаның ішінде бастан-аяқ жасап бітіпті. Шебер биыл сиыр жылы болған соң, әуелі жыл жануарын мүсіндемек бо­лыпты. Алайда туынды испан корридасындағы долы бұқалардан аумай қалған.

– 2019 жылдың мамыр айында Павлодар машина жасау зауытында ERG кәсіпорындарының дәне­керлеушілеріне арналған ше­берлік сыныптары өтті. Сол кезде дәнекерлеу құрылғысының кө­мегімен өнер туындыларын жасай­тын белгілі металл шебері, мек­сикалық мүсінші Дэвид Мадеродан сабақ алдық. Ол кісі көрсеткен дүниелерден керемет әсер алдым. Содан ойға түйгендерімді көптен бері тәжірибеге асырып көргім келіп жүрген. Бірақ сәті түспеді. Таяуда цех басшылығы байқау жариялаған, көп ойланып жатпастан қатысуға өтініш бердім. Әріптестерім мен цех басшысы Александр Кардаков қолдау көр­сетпегенде металл мүсінді жасап шығару қиынға соғатын еді, деді Сергей.

Шеберге жұмыстан тыс уақы­тының бәрін шығармашылыққа жұмсауға тура келген. Бір жеті бо­йы түскі үзілісі мен ауысымнан кейін­гі демалысын пайдаланып бел жаз­бай еңбектеніпті. Металл сымнан дәнекерленген жануардың мүсіні қазір кен орнының өндіріске пайдаланатын құрылғыларын жөндеу цехында тұр.

 

Қостанай облысы