Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитеті мәлімдегендей, ХОК коронавирусты инфекцияға қатысты әлемдегі ахуалды ескере отырып, аймақтық іріктеу турнирлерінен бөлек жолдаманы рейтинг арқылы үлестіруді жөн санаған. Осылайша, 2021 жылдың маусымына жоспарланған Париждегі әлемдік іріктеу турнирі өткізілмейтін болды.
Аталған жарыста ерлер – 32, әйелдер 21 жолдаманы сарапқа салуы тиіс болатын. Енді қалған жолдамалар олимпиадалық салмақтар бойынша боксшылардың рейтингтеріне қарап төрт құрлыққа тең бөлінеді. Бокстан Қазақстан әйелдер командасының еншісінде бір ғана жолдама бар екенін айта кетейік.