Спорт • 18 Ақпан, 2021

Токио Олимпиадасының медалі қандай болады?

381 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Токиодағы жазғы Олимпиада ойындарын ұйымдастырушылар жеңімпаз спортшылар мойнына тағылатын медальдардың үлгісін көпшілік назарына ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz

Токио Олимпиадасының медалі қандай болады?

Токио ойындарының эмблемасы мен дәстүрлі итимацу үлгісі медальдың қақ ортасында орналасқан. Айта кетейік, мұндай дизайнды жапондықтар жазғы спорт ойындарын өткізуге дайындық барысында, яғни 2019 жылы ұсынған. Ал дәстүрлі шара былтыр жазда өту тиіс болғанымен, коронавирус пандемиясы оның ұйымдастырылуына өзіндік әсерін тигізді. Бастапқы кезде бұл шараны мүлдем тоқтатып тастау мәселесі көтерілді. Кейіннен ресми Токио Олимпиада өткізу құқығын сақтай отырып, оны жай ғана кейінге шегеру шешімін қабылдады.

Ал медальдарға қатысты қызықты сәттің бірі 2019 жылы болды. Жергілікті тұрғындар медаль жасау үшін екі жыл бойы ақаулы смартфондар мен планшеттерді және компьютерлерді жинауды қолға алды. Сөйтіп, бірлескен күш-жігердің арқасында жиналған 80 мыңнан астам гаджеттің бағалы металдары алынып, медаль жасау үшін балқытылды.