Парламент • 18 Ақпан, 2021

Сенат Төрағасы нормашығармашылықты жетілдіретін заңға қатысты пікір білдірді

308 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нормашығармашылықты жетілдіретін заң қоғамның заң шығару процесіне белсенді қатысуын қамтамасыз етеді. Бұл туралы Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

Сенат Төрағасы нормашығармашылықты жетілдіретін заңға қатысты пікір білдірді

«Мемлекет басшысының сайлау алдындағы бағдарламасында нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, қоғамдық талқылау және қабылдау рәсімдерін жетілдіру міндеті белгіленген болатын. Бұл заң сол міндетті орындау мақсатымен қабылданып отыр. Осы құжат қоғамның заң шығару процесіне белсенді қатысуын қамтамасыз ету үшін қосымша құқықтық негіздер қалыптастырады. Сондай-ақ, әзірленетін заңдардың сапасын арттыруға, олар бойынша жүйелі түсіндіру жұмыстарын жүргізуге және қабылданған заңдардың орындалуын бақылауға арналған тетіктер анықталады», деді Мәулен Әшімбаев Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне нормашығармашылықты жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң қабылданғаннан кейін.

Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, аталған заң аясындағы өзгерістер заң шығару процесін жаңа деңгейге көтеріп, оның ашықтығын және тиімділігін арттыруға өз үлесін қосады.