Атап айтқанда, 2021 жылғы 14-17 ақпан аралығында Е.Байдәулет БАӘ су және азық-түлік қауіпсіздігі министрі Мариям Әл-Мухейримен және климаттың өзгеруі және қоршаған орта министрі Абдулла әл-Нуэймимен екіжақты кездесулер өткізіп, АҚИҰ алаңында өзара іс-қимылды нығайту мәселелерін талқылады.
Сонымен қатар, қазақстандық делегация «Jenaan Investment», «Al Dahra Holding», «National Feedand Flour Production and marketing co» сияқты «UAE Food Security Alliance» құрамына кіретін «Essa Al Ghurair Investments» LLC» секілді БАӘ-нің жетекші компанияларымен нәтижелі кездесулер өткізді және т.б. Әмірліктердегі серіктестерге АҚИҰ еншілес ұйымы Азық-түлік өнеркәсібі Ислам қауымдастығымен өзара іс-қимылдың түрлі нұсқалары ұсынылды.
Сапар бағдарламасы аясында АҚИҰ Бас директоры «Fish Farm» (Дубай қ.) компаниясының балық фермасы, «Elite Agro UAE L.L.C» компаниясының фермасы мен жылыжайы және «Marmum» (Әл-Айн қ.) сүт фермасын қоса алғанда, негізгі ауыл шаруашылығы объектілерінің қызметімен танысты.