Қазақстан • 18 Ақпан, 2021

Мәдениет саласында қай өңірлерге ең көп қаражат бөлінген?

522 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов мәдениет саласына ең көп қаражат бөлген үш өңірді атады, деп хабарлайды Egemen.kz

Мәдениет саласында қай өңірлерге ең көп қаражат бөлінген?

«2020 жылы өңірлердің жалпы бюджетінен мәдениет саласына бөлінген қаражаттың пайыздық үлесін шығардық. Мәдениет саласына бөлінген қаражат көлемі жағынан алдыңғы қатарларда Алматы облысы (5,6%), Қарағанды облысы (3,6%), Ақмола облысы (3,1%) тұр», деді Нұрғиса Дәуешов министрліктің алқа мәжілісінде.

Оның айтуынша үйірмелердің жалпы саны бойынша Шығыс-Қазақстан облысы (3450), Батыс-Қазақстан облысы (3113), Ақмола облысы (2752) көш бастап тұр. Үйірмеге қатысушылар саны бойынша Қарағанды облысы (35437), Шығыс-Қазақстан облысы (23691) Қостанай облыстары (23751) алдағы орында.

«Былтырдан бері 2020 жылы мәдениет саласында «Жұмыспен қамтудың жол картасы» шеңберінде өңірлерде 23,3 млрд теңге сомасына шамамен 288 инфрақұрылымдық жоба іске асырылуда. Оның ішінде күрделі, ағымдағы жөндеулер, жаңа мәдениет объектілерін салу жұмыстары да бар. Бұл көрсеткіш бойынша Шығыс Қазақстан (76), Қарағанды (47) Ақмола (37) облыстары көш бастап тұр», деді ол.