Білім • 18 Ақпан, 2021

Биылдан бастап жоғары оқу орындары жеке үлгідегі дипломдар бере бастайды

692 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орталық коммуникациялар қызметінде Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов елімізде диплом беруде қандай өзгерістер болатынын мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Биылдан бастап жоғары оқу орындары жеке үлгідегі дипломдар бере бастайды

«ЖОО-ларға академиялық дербестік бекітілген, яғни оқу орындары дербес түрде өздерінің академиялық бағдарламасын әзірлеп, дипломдарын береді. Қазіргі кезде жоғары оқу орындары өздерінің білім беру бағдарламасын айтырлықтай жылдам аша алады. Ең басты талап бұл бағдарлама жұмыс берушілер сұранысына жауап беріп, білім сапасына сәйкес келуі керек», деді М. Дәуленов.

Оның айтуынша, 2021 жылдан бастап ЖОО-лар жеке үлгісі бойынша диплом бере бастайды. Бұл өз кезегінде академиялық дербестікті кеңейтуде үлкен қадам болмақ. Осыған байланысты оқу орындары өз еркімен мұндай дипломның форматын, сондай-ақ оны табыстау жүйесін айқындайды.