Аймақтар • 18 Ақпан, 2021

Атырау көшелерін қардан тазартып жатыр

418 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырауда соңғы он бес жылда қалың қар жаумаған еді. Ал кеше қалың қар жауып, мұнайлы шаһар көшелері ақ ұлпаға оранды, деп хабарлайды Egemen.kz

Атырау көшелерін қардан тазартып жатыр

Атырау қалалық әкімдігі баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, кешеден бері көшелерді қардан тазарту жүргізіліп жатыр.

«Кеше, 17 қаңтарда қаладан 472 текше метр қар шығарылды. Көшелерді тазарту түні бойы жалғасты. Қарды жинап, шығаруға 49 техника жұмылдырылды. Техниканы қалалық коммуналдық мекемелермен бірге, өзге де кәсіпорындар ұсынды. Сондай-ақ, көшелер мен тротуарларды тазалауға 90 адам тартылды. Қазір Азаттық, Әуезов, Сәтпаев, Абай, Құрманғазы, Владимирский көшелерінде қар жинау жалғасып жатыр. Қала маңындағы Алмалы, Атырау, Дамба және Тасқала кенттеріне жолдарды қардан тазалауға арналған техникалар жіберілді», деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.