Қалалық жасыл экономика басқармасының хабарлауынша, онлайн – карта экологиялық жағдай жөніндегі барлық мәліметті біріктірген динамикалық платформа. Мониторингтік стансалар әрбір 20 минут сайын онлайн режімде ауаның жағдайы туралы ақпараттық жүйені іске қосып отырады. Мұндағы көрсеткіштер графиктер және сандық деректер түрінде беріледі. Барынша рұқсат етілген концентрация индикаторларының динамикасы да көрсетіледі.
Стансалар атмосферадағы ластаушы заттардың көлемін, сондай-ақ ылғалдылық, температура, қысым, желдің бағыты мен жылдамдығын өлшейді. Кезеңнің орташа мәндері және орташа күндік көрсеткіштері есептеледі. Жобаның мақсаты – қарапайым азаматтарға, сарапшылар мен мамандарға онлайн форматта мәліметтер беру. Сонымен қатар жинақталған көрсеткіштер бойынша ауа сапасының және басқа параметрлердің өзгеруін болжауға мүмкіндік беретін мәліметтер базасы құрылады.
Қазіргі таңда қалада ауа сапасына мониторинг жүргізетін 10 станса бар. LED-экрандарға ақпараттарды шығару және мәліметтер базасына көрсеткіштерді беру үшін онлайн мониторингтің тағы 10 датчигі іске қосылып, жұмыс барынша сапалы жүргізіледі деген үміт бар.